Ел жаңалықтары

Павлодар облысында шегірткемен күресуге 7,2 млн теңге бөлінді

  • Павлодар облысында шегірткемен күресуге 7,2 млн теңге бөлінді

    Павлодар облысында шегірткемен күресуге 7,2 млн теңге бөлінді

Павлодар облысында шегірткенің қауіпті тұқымдарымен күресудің шаралар жоспары бекітілді. Бұл жәндікпен күрес жұмыстары - әлі күнге дейін өзекті мәселе, деп хабарлады Baq.kz


Аймақ бойынша аумақтық инспекция мамандарының мәліметінше, биылғы жылы шегірткенің үйірлі емес түрлерімен күреске 7,2 млн теңге қарастырылған. Жыл сайын жүргізілетін күрес шаралары зиянды жәндіктердің таралуын тежеп отырады. 

"Химиялық улау жұмыстары облыстың барлық аудан-қаласындағы ауылшаруашылық жерлерінде жүргізіліледі деп күтілуде. Бас-аяғы 6,6 мың гектарлық жер өңделеді. Күрес шаралары негізінен итальяндық прус тұқымының популяциясын тоқтатуға бағытталған. Жәндіктер көптеп таралған жерлерді анықтау мақсатында мониторингтік топтар тиісті жұмыстарды атқарды. Сонымен қатар Ресеймен шекаралас аумақтар да тексерілді. Өткен жылмен салыстырғанда үстіміздегі жылы итальяндық прусқа қарсы өңделетін учаскелер 2,5 есеге азайды. Себебі жәндіктердің таралуы азайған", - дейді аумақтық инспекция басшысының орынбасары Арман Шуйкенов. 

Прустың дәрнесілдеріне қарсы химиялық шаралар 3 мың гектар жерде атқарылуда. Арнайы құралдың көмегімен тәулігіне 300 га жерді өңдеуге мүмкіндік бар. 

Қазір «Локустин к.с.» және «Вантекс м.к.с» препараттарының 268 литрі қолданылған. Облыс бойынша улау шараларына шашырату техникасының 342 бірлігі пайдаланылған. Шараларға 150-ге жуық жұмысшы тартылды.




Көрілген: 569    Пікірлер: 0

сенбі, 12.06.2021, 20:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31