Ел жаңалықтары

Петропавлда аяздың ортасында жүздеген отбасыны жалдамалы пәтерінен қуып жатыр

  • Петропавлда аяздың ортасында жүздеген отбасыны жалдамалы пәтерінен қуып жатыр

    Петропавлда аяздың ортасында жүздеген отбасыны жалдамалы пәтерінен қуып жатыр

Петропавлда 150 отбасы Жаңа жылды көшеде қарсы алуы мүмкін. Әкімдік жалға берілетін пәтерлердің тұрғындарын тез арада тұрғын үйді босатуға міндеттеді. Адамдар баспананың жалға уақытша бергенін біледі. Бірақ олардың үй алуға ақшалары, бас сауғалайтын жері жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалғызбасты ана Татьяна Скрипцоваға бірнеше күн бұрын хабарлама алып келген, онда бір ай ішінде жалға берілетін тұрғын үйді босатуы керек екені жазылған. Әйел 9 жылдан бері үй кезегінде тұр. Ал 53 мың теңгелік жәрдемақысы тамаққа әрең жетеді. Татьяна пәтер жалдайтын шамасы жоқ екенін айтады.

 
"Мен көшіп кетуім керек, 10 қаңтарға дейін кілттерді тапсыруым керек. Суықта, қыста, қаңтарда. Барлық жерде көмек сұрадым, ең болмағанда шағын бөлме, уақытша баспана беріңізші деп, мен бәріне келісемін", - деді жетім Татьяна Скрипцова.

Петропавлдағы Гагарин көшесі бойындағы үйлерде Татьяна сияқты жағдайға тап болған 150-ге жуық отбасы бар. Олар бес жыл бұрын жалға берілетін тұрғын үйге қоныстанған. Негізгі шарт - 29 жасқа дейін және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шот ашу болды. Бірақ міндеттемелерді орындап, тиісті соманы жинай алғандардың да жағдайы мүшкіл. Олардың жинақтарындағы ақша баспана сатып алуға жетпейді. 

"Қазір халық үшін өте аз тұрғын үй салынуда. 5 жыл өтті, біз әлі бір орында тұрмыз, бірақ барлық шарттар орындалды. Оған қоса біздің жинағандарымыздың бәрі қазір құнсызданды. Біз мұндай сомаға үй сатып ала алмаймыз", - деді Петропавл қаласының тұрғыны Анара Рахимова.

Шенеуніктердің сөзінше, 5 жыл бұрын жалға берілетін 2 үй салынған. Жастарға арналған баспана ретінде есептелген, бірақ келісімде жалдау мерзімі 2020 жылдың желтоқсанында аяқталатыны анық көрсетілген.

"Біз хабарламалармен жұмыс істеуге міндеттіміз, қазір де солай істеп жатырмыз. Әкімдіктің жылыту маусымы туралы қаулысына байланысты бұл тұрғындарды жылыту маусымы кезінде шығармаймыз. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін олар пәтерлерді босатуы керек", - деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.

Сондай-ақ, қалалық әкімдікте уақытша баспана алғысы келетіндердің саны көп екенін атап өтті. Олар бұл мүмкіндікті басқаларға беруге міндетті. Сондықтан жалдау мерзімін ұзарту мүмкін емес.




Көрілген: 456    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.12.2020, 14:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31