Ел жаңалықтары

Премьер-министр аурухана құрылысымен танысты

  • Премьер-министр аурухана құрылысымен танысты

    Премьер-министр аурухана құрылысымен танысты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Астана медицина университеті» КЕАҚ жанындағы Біріккен университет ауруханасының құрылыс алаңына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың жаңа стандарттарын енгізу мәселелері қаралды, оларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында елімізде 20 ірі көпбейінді аурухана салу арқылы іске асыру жоспарланып отыр. Олардың ішінде 4 клиника еліміздің жетекші медициналық университеттерінің жанынан салынатын болады, бұл ғылымды, білім беруді және емдеу процесін кешенді түрде дамытуға, клиникалық зерттеулердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осындай заманауи мекемелердің бірі «Астана медицина университеті» КЕАҚ жанындағы Біріккен университет ауруханасы болады.

Медициналық орталық JCI халықаралық стандарттарына сай, 800 төсектік тәуліктік стационарды, күндізгі стационарды, консультациялық-диагностикалық кешенді, ғылыми-зерттеу және клиникалық зертханаларды, аудиториялар мен оқу сыныптарын қамтитын болады. Жобаны 2023 жылдың І тоқсанында іске асыру көзделген.

«Халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи медициналық инфрақұрылымның болуы еліміздің бүкіл денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін түбегейлі мәнге ие. Алдымызда денсаулық сақтау инфрақұрылымын және медицина қызметкерлерінің біліктілігін жаңғырту бойынша ауқымды міндеттер тұр, бұл халыққа медициналық қызметтерді сапалы жаңа деңгейде көрсетуге жол ашады», — деді А. Мамин болашақ медицина орталықтарының шоу-румын тексеру кезінде.

Инспекциялық сапарға Премьер-Министрдің орынбасарлары Роман Скляр мен Ералы Тоғжанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қатысты.




Көрілген: 951    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.06.2021, 17:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31