Ел жаңалықтары

Ресей Федерациясының азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз жүрген

  • Ресей Федерациясының азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз жүрген

    Ресей Федерациясының азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз жүрген

Оның айтуынша, ол 2007 жылы төлқұжатын жоғалтқан. Жеке басын анықтау үшін ер адам Павлодар қаласының қабылдау &ndashтарату орнына 30 тәулікке қамалды.

Павлодар облысында Қазақстан Республикасының аумағында 13 жылдан бері құжатсыз тұрған Ресей Федерациясының азаматы ұсталды, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 Өңірде заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға, заңсыз иммигранттарды анықтауға және шетелдіктердің мәртебесін реттеуге бағытталған &ldquoМигрант&rdquo жедел-алдын алу шаралары жалғасуда.

 "Іс-шара барысында облыс полицейлері Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған 73 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның 41-і шетел азаматы және 32-сі Қазақстан Республикасының азаматы. Сонымен қатар Май ауданының полиция қызметкерлері Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының азаматы болып табылатын 53 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру кезінде ер адамның жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ екені белгілі болды. 

Оның айтуынша, ол 2007 жылы төлқұжатын жоғалтқан. Жеке басын анықтау үшін ер адам Павлодар қаласының қабылдау &ndashтарату орнына 30 тәулікке қамалды. Жеке басын анықтағаннан кейін оған Ресей Федерациясының Елшілігінен Отанына оралу туралы куәлік алу үшін анықтама беріледі", &ndash деді

 Павлодар облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қазбек Ахметов. Бұдан басқа қабылдау-тарату орнына белгілі бір тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ алты адам орналастырылды.




Көрілген: 610    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 18:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31