Ел жаңалықтары

Ресейде адам өлтіріп, іздеуде жүрген күдікті Алматыда ұсталды

  • Ресейде адам өлтіріп, іздеуде жүрген күдікті Алматыда ұсталды

    Ресейде адам өлтіріп, іздеуде жүрген күдікті Алматыда ұсталды

Ресейде адам өлтіріп, іздеуде жүрген күдікті Алматыда ұсталды. Елге тіркелуге келген 32 жастағы Өзбекстан азаматы көші-қон қызметтері орталығында ұсталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады. Өзбекстан азаматының жеке тұлғасын тексеру кезінде оның 2015 жылдан бері іздеуде жүргені анықталған.

 
"Ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы жүргізілген өтініш берушінің жеке басын егжей-тегжейлі талдау, біздің бөлім қызметкерлеріне С.есімді азаматтың 2015 жылдан бастап Ресейдің Астрахан облысы бойынша ІІМ-де РФ ҚК-нің 105 бабы, 1 бөлігі – кісі өлтіру қылмысы үшін іздеуде екенін анықтады. Қалалық криминалдық полиция қызметкерлерінің көмегімен күдікті ұсталды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Өзбекстан азаматының ұсталғаны туралы дерек іздестіру бастамашысына хабарланған. Күдікті Алматыға жұмыс істеуге келген. Асхат Бутунчинов Алматыда "Келімсек" іс-шарасының екі күнінде іздеуде жүрген 7 қылмыскердің ұсталғанын атап өтті.




Көрілген: 374    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.06.2021, 21:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31