Ел жаңалықтары

Ресейлік "Руслан" әскери ұшағы қайта құрастырыла ма

  • Ресейлік

    Ресейлік "Руслан" әскери ұшағы қайта құрастырыла ма

2 наурыз күні Ульяновтағы "Авиастар-СП" кәсіпорнында өткен кеңес кезінде РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгуге Ан-124 "Руслан" ұшағының өндірісін қайта жаңғырту туралы ұсыныс жасады. Ульянов авиазуытында 2004 жылға дейін 36 әуе кемесі шығарылды. 2020 жылы дәл осы нысанда алты Ан-124 ұшағы жөндеуден өтті. Кәсіпорынның технологиялық деңгейі қысқа мерзім ішінде "Руслан" өндірісін жаңғыртуға қауқарлы.

Ульянов авиақұрастырушыларының бұл ұсынысы тектен-тек жасалған жоқ. Өйткені бұған дейін Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі мұндай бастаманы бірнеше жылдан бері көтеріп келді. Бірақ бұл жобаға бір нәрсе үнемі кедергі бола берді. Мысалы, 2006 жылы украиналық кәсіпорындармен бірлесе отырып Ульяновта "Руслан" ұшақтарының сериялы өндірісін қалпына келтіру жұмыстарын тоқтатуға тура келді. Себебі сегіз жылдың ішінде украиндер қажетті қозғалтқыштарды жеткізе алмады.

Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрлігі Ан-124 ұшақтарының өндірісін жандандыруда қажеттілік жоқ екенін айтты. Ведомство авиапарктегі жөндеу жұмыстары "Русландарды" 2040 жылдың соңына дейін қолдануға мүмкіндік беретінін алға тартты. Себебі ұшақтың жұмысқа қабілеттілігі – 50 мың сағат, 10 мың ұшу немесе 45 жыл. Екінші жағынан, дәл осы ведомство 2020 жылдан кейін ресейлік Ан-124 ұшағының ұқсас үлгісін шығаруды жоққа шығармай отыр. Мүмкін дәл қазір "Руслан" мен ресейлік әскери-көлік авиациясы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып жатқан болар. 

Соңғы жылдардағы Сирия, Таулы Қарабақ пен басқа да қақтығыс орындарындағы жағдайлар әскерді, қару-жарақты және материалдық құралдарды жедел жеткізу үшін қолданылатын ауыр әскери-көлік авиациясының қажеттілігін көрсетті.

Еске сала кетейік, негізгі әскери-көлік "Руслан" сағатына 850 километр жылдамдықпен 120 тоннаны 4800 километрге жеткізе алады (ұшаққа 80 тонна жүк тиелсе, ұшу қашықтығы 7 500 километрге дейін артады). Оның америкалық баламасы "Lockheed C-5 Galaxy" жүк көтергіштігі жағынан біршама артта қалады. Алайда Ресейдің қорғаныс министрлігі он шақты Ан-124 ұшағын ғана қолданып отыр. Жаңа сын-қатерлер әскери-көлік авиациясының саны мен сапасын арттыруды талап етеді.

Сириядағы әскери-саяси ауал әлі де күрделі жағдайда тұр. Мұндағы ахуал мобильдік нығайтуды қажет етуі мүмкін. Сондықтан Сирия жерінде Ресей әскери-ғарыш күштерінің жедел аэродромдары желісі кеңейтіліп жатыр. Америкалық The Drive басылымының ақпараты бойынша, Хмеймимдегі ұшу-қону жолағының ұзындығы 3,2 километрге дейін ұзартылуда. Бұл ауыр жүк тиелген Ан-124 "Руслан" әскери-көлік ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін әскери-көлік авиациясы (Ан-124 ұшақтарын қоса алғанда) жедел түрде Таулы Қарабақтағы бітімгершілік контингентінен 1 960 әскери қызметкерді стандартты қару-жарақ және техникамен бірге Ресейден Арменияға жеткізді. Мұндай операциялар үшін алдын ала пысықтау, резервтегі ұшақтар, экипаждар, бағдарлар мен аэродромдар болуы керек.

Қаңтардың ортасында Брянск облысында Сещинский және Тверь авиация полктері экипаждарының бірлескен оқу-жаттығу ұшулары өтті. Оған Ресей тарихында алғаш рет алты Ан-124-100 "Руслан" стратегиялық әскери-көлік ұшақтары қатысты. Ұшуларды орындау кезінде әскери бөлімдердің жеке құрамын стандартты қару-жарақ және әскери техникамен алыс қашықтыққа жеткізу кезіндегі экипаждың дағдыларын пысықтады.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша алты "Руслан" бортына 3 000 әскери мен 48 бірлік броньды техника сыйып кетеді.

Аяқ астынан туындаған әскери қақтығыс кезінде Ресей әскері елдің бүкіл аумағында бір ағза іспеттес бірігіп әрекет етуі керек. Ол үшін ондаған немесе жүздеген әскери-көлік авицаиясы қажет болады. Соған қарағанда, жақын уақытта Ульянов авиазауытында жұмыстар қыза түседі.

Ан-124-100 "Руслан" ұшағы 120 тоннадан астам жүкті әуеге көтере алады. Қорғаныс министрлігінен басқа қосымша тағы осындай 20 ұшақ Ресейдің әртүрлі құрылымдарында қолданылып келеді. Салыстыру үшін айтсақ, украиндық "Антонов авиажелілері" кәсіпорнында небәрі 7 машина бар. 

Әрине, Ресейде Ан-124 типті ауыр машиналардың саны өсетіні анық. Мүмкін цифрлық модернизация, НК-32 немесе ПД-14 жаңа ресейлік қозғалтқыштар, авионика мен шасси конструкциясындағы елеулі өзгерістер ауыр әскери-көлік ұшағын басқа атаумен шығаруға алып келуі мүмкін. Мысалы, НАТО біраз уақыттан бері Ан-124 ұшағын "Кондор" деп атайды.

Украинаның ANTONOV мемлекеттік кәсіпорны мұндай өндіріс украиндік тараптың қатысуынсыз іске аспайтынын мәлімдеді. Бірақ РФ өнеркәсіп және сауда министрлігі Ан-124 сертификатының иесі ретінде ANTONOV кәсіпорны әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін орындамай отырғанын атады. Сондықтан бұл жұмыстарға ресейлік кәсіпорынды тартудан басқа амал жоқ.

Ан-124 ұшағы Кеңес Одағында Воронеж, Ульянов, Киев авиакәсіпорындарымен кооперациясы бойынша дайындалған. Оны 1991 жылы Кеңес Армиясы қару-жарақ құрамына қабылдады. Ол бастапқыда қазіргі тәуелсіз Украинада жоқ құрлықаралық баллистикалық зымырандардың мобильді іске қосу қондырғыларын жеткізуге арналған. Ульяновте жоспарланған 56 "Русланның" 36 бірлігі шығарылды. Өнімнің төрт атауынан тұратын тізімде Украинаның ANTONOV компаниясының болмауы кездейсоқ емес.

Украиналық авиаөнеркәсіп мұндай алып ұшақтарды құрастыруға қауқарсыз. Себебі технологиялық дағдарыс оны Ресеймен қарым-қатынасты біржақты тәртіпте бұзуға итермелеп отыр.

Жалпы бүкіл әлемге әйгілі кеңестік авиақұрастырушы Олег Антонов - Мәскеу губерниясының тумасы. Ол Саратов пен Ленинградта оқып, құрастырушы қызметін Мәскеуде бастаған. Ол 1946 жылдан бастап Сібір авиация ғылыми-зерттеу институтын басқарды.




Көрілген: 294    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 14:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30