Ел жаңалықтары

От шашу орнына оқ атқан: Алматы облысында жұртты шулатқан кортеждің видеосы желіде таралды

  • От шашу орнына оқ атқан: Алматы облысында жұртты шулатқан кортеждің видеосы желіде таралды

    От шашу орнына оқ атқан: Алматы облысында жұртты шулатқан кортеждің видеосы желіде таралды

Алматы облысында той кортежіне қатысқандар отшашу орнына аспанға оқ атып, жұрттың үрейін ұшырған. Қазіргі таңда оқиға қатысы барлар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үйлену тойындағы кортеждің видеосы Whatsapp мессенджерінде таралуда. Кадрларда нөмірлері жоқ автокөліктер тобы кортежде қала көшелерінің бірімен жүріп келе жатқанын көруге болады. Қатысушылардың бірі Mercedes көлігінің терезесіне сүйеніп, қарудан бірнеше рет оқ атқан.

 
Белгілі болғандай, видео 23 қазанда Қаскелең қаласында түсірілген. Полицейлер салтанатты шараны ұйымдастырушылар мен оқ атқан адамның жеке басын анықтап, оларға қатысты қылмыстық іс қозғады.

"Тексеру шаралары кезінде той кортежі Қаскелеңде Абылай хан көшесі бойымен келе жатқанда 25 жастағы жергілікті тұрғын аспанға оқ атқан. Қазіргі уақытта оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлімі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық тергеу жүргізілуде. Мерседес көлігі айыппұл тұрағына қойылды, ал жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, кортежде қалған қатысушыларды анықтау, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде.




Көрілген: 425    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.10.2021, 21:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30