Ел жаңалықтары

Шошқа фермасының жұмысы тоқтатылды: 400-ге жуық жұмысшы әкіммен кездесу үшін Ақтөбеге барды

  • Шошқа фермасының жұмысы тоқтатылды: 400-ге жуық жұмысшы әкіммен кездесу үшін Ақтөбеге барды

    Шошқа фермасының жұмысы тоқтатылды: 400-ге жуық жұмысшы әкіммен кездесу үшін Ақтөбеге барды

Ақтөбе облысындағы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының 400-ге жуық жұмысшысы наразылық көрсетуді жөн көріп, екі автобусқа отырып, тікелей облыс әкіміне бет алған. Оларды жергілікті полиция өкілдері күтіп алып, Халықтар достығы үйіне апарған. Бұл туралы diapazon.kz хабарлайды. 

Олардың бәрі ғимараттың акт залына кіргізіліп, ферма қызметкерімен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов, прокурорлар мен экологтар сөйлескен. Билік өкілдері сот орындаушылары кәсіпорынның кәріз жүйесі жабу мен шотын бұғаттауды заңға сәйкес жүргізгеніне сендіргісі келген. Мұндай шешім заңбұзушылықтардың жойылмағанына байланысты қабылданған.

Ферма қызметкерлері жұмыссыз қалғанын, жалақысын ала алмай отырғанын айтқан. Кездесу эмоционалды күйде өткен.

Екі тарап нақты бір шешімге келе алмаған. Жұмысшылар әкімдік қызметкерлерінің кездесуден кейін бірден шошқа фермасына баруын талап еткен. Содан соң кездесуге қатысқандардың барлығы шошқа фермасына аттанған.

Еске сала кетейік, 11 сәуірде Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының жұмысы тоқтатылғаны хабарланды.




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 18:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31