Ел жаңалықтары

Шығыс Қазақстанда бір үйден бір адам ғана шыға алады

  • Шығыс Қазақстанда бір үйден бір адам ғана шыға алады

    Шығыс Қазақстанда бір үйден бір адам ғана шыға алады

Төтенше жағдай кезіндегі талаптарды бұзғандар және тәртіпке бағынбағандар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті тәртіп қатаңдай түскенін мәлімдеді. Енді бір үйден бір адам ғана сыртқа шыға алады, деп хабарлады Алтайньюс.

Дүйсенбіден бастап тұрғындар қатаң түрде рұқсат қағазына сәйкес жүруі тиіс.

"Бір пәтерге немесе жер үйге бір рұқсат қағазы берілген. Дүкенге, дәріханаға немесе банк бөлімшесіне бір отбасынан бір адам ғана баруы тиіс. Сондай-ақ тұрғындардың ең жақын маңдағы нысандарға барғаны абзал. Ал бала ертіп сыртта серуендеуге тыйым салынады", – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті.

Полицияның мәлімдеуінше, тұрғындар рұқсат қағазымен бірге жеке куәлігін көрсетуі тиіс. Тәртіп сақшысы азаматтың аты-жөнін белгілеп, мәліметтерді қызметтік планшетке жазып отырады. Осылайша келесі жолы полиция қызметкерлері адамның қай уақытта шыққанын біліп отырады.

"Төтенше жағдай кезіндегі талаптарды бұзғандар және құқық қорғау органдарының талабына бағынбағандар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады", – деп түйіндеді полиция департаменті. 

sputniknews.kz




Көрілген: 237    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.04.2020, 08:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31