Ел жаңалықтары

Шымкентте жалдамалы пәтерден екі қыздың мәйіті табылды: Полиция пікір білдірді

  • Шымкентте жалдамалы пәтерден екі қыздың мәйіті табылды: Полиция пікір білдірді

    Шымкентте жалдамалы пәтерден екі қыздың мәйіті табылды: Полиция пікір білдірді

Шымкент полициясы жалдамалы пәтерде екі қыздың көз жұмуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Otyrar басылымы.

Айта кетсек, бір апта ішінде Шымкентте тәуліктік пәтерлерден 23 жастағы екі қыздың мәйіті табылған. 

 
Шымкент полициясының бастығы Ералы Жұмаханбетов бір факті бойынша күдікті ұсталғанын, екінші жағдайда жазатайым оқиға болғанын айтты. 

"Қазір тергеу жүріп жатыр, кінәлілер жазаланады. Бір іс бойынша күдікті қамауға алынды. Ал екінші іске келсек, жазатайым оқиға болған", - деді қала полициясының басшысы.

Қыздардың бірінің денесін 25 қарашада Республика даңғылындағы тәуліктік тұрғын үйдің иесі тапқан. Іс бойынша 31 жастағы әйел күдікке ілінді.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр", - деді Ералы Жұмаханбетов.

Екінші қыздың денесін тәртіп сақшылары 30 қараша күні Тыныбаев көшесіндегі жалдамалы пәтерден тапты.

"Екінші іс бойынша күдікті жоқ, есік құлыптаулы болған, пәтерден мәйіт табылды. Барлық терезе жабық тұрған", - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы.

Қала тұрғындары тәулікке және сағатқа жалға берілетін баспаналардың проблемасын көптен бері көтеріп келеді. Пәтер иелері салық органдарына есеп бермейтіндіктен, қаладағы жалдамалы пәтерлердің нақты саны туралы мәлімет жоқ.




Көрілген: 534    Пікірлер: 0

сенбі, 04.12.2021, 13:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31