Ел жаңалықтары

Шымкентте көпбалалы отбасы бес жыл бойы салған баспанасынан айырылып қалды

  • Шымкентте көпбалалы отбасы бес жыл бойы салған баспанасынан айырылып қалды

    Шымкентте көпбалалы отбасы бес жыл бойы салған баспанасынан айырылып қалды

Көп балалы ана Рамзия Еникееваның айтуынша, өртеніп жатқан үйдің ішінен тек құжаттары мен бірнеше затын шығарып үлгерген.

Шымкентте тұратын Еникеевтер отбасы тілсіз жау салдарынан бес жыл бойы салған баспанасынан бір мезетте айырылып қалды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Көп балалы ана Рамзия Еникееваның айтуынша, өртеніп жатқан үйдің ішінен тек құжаттары мен бірнеше затын шығарып үлгерген.

"Шатырға шығып едік, ол жақтан қатты түтін шығып жатты, содан кейін өрт сөндірушілерді шақырдық. Өрт сөндірушілер келіп, бәрін бұзып тастады. Біз оларды сағат үштерде шақырдық, сағат түнгі 4-те өртті сөндіріп берді. Бізге өрт электр сымдарынан шықты деп айтты, бірақ менікі электр сымдарынан емес, бөлменің арғы жағынан бықсып тұрды", - деді әйел.

Енді бес баласы бар отбасының барар жері жоқ. Үйдің отағасы - жалғыз асыраушы. Ер адам сантехник болып жұмыс істейді. Оның жалақысы мен көп балаларға төленетін жәрдемақыдан басқа жанұяның табыс көзі жоқ. 

Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, сол түні 14 өрт сөндіруші өртті сөндірген. Болжам бойынша өрт пештен шыққан болуы мүмкін. Құтқарушылар өрт қасақана қойылған деген нұсқаны теріске шығарып отыр. 

Қасақана өрт қойылды деген күдік жоқ. Өйткені, негізінен пеш жанған. 6 шаршы метр, яғни үйдің шатыры мен төбесі. Үй иелері пешті тазаладық дейді, алайда 2018 жылы дәл осы үйде өрт болған еді. Сол кезде де пештен шыққан болатын", - дейді Шымкент қаласы Абай ауданы ТЖБ аға инженері Эльдар Паттахов.

Белгілі болғандай, мемлекет мұндай жағдайда зардап шеккендерге көмектеспейді. Әзірге отбасыны таныстары үйлеріне паналатқан. Қазіргі уақытта Еникеевтер бей-жай қарамайтын қазақстандықтардың көмегіне үміт артып отыр. Оларға қаржылай да, уақытша баспана немесе құрылыс материалдарымен де көмектесуге болады.

Рамзия Еникееваның телефон нөмірі: 8-775-316-99-21.

Sberbank картасының реквизиттері: 4263 4333 4532 6661 (ALEXANDR SHISHKIN).




Көрілген: 1661    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 14:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31