Ел жаңалықтары

Шымкенттік кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі балаларға дастархан жайды

  • Шымкенттік кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі балаларға дастархан жайды

    Шымкенттік кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі балаларға дастархан жайды


Шымкенттік кәсіпкер бастаған еріктілер тобы мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік дастархан дайындады. Есімін елге жария еткісі келмеген кәсіпкер Түркістан облысының барлық балалар үйінен тәрбиеленушілерді шақырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте


Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінде өткен іс шара барысында балаларға арнайы дастархан жайылып, концерттік және анимациялық бағдарламалар ұсынылды.


Аниматорлар мен артистер мүмкіндігі шектеулі балаларға​ ақысыз қызмет етіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 


Кей балалар Шымкентке алғаш кеп тұрғанын айтып қуаныштарын жасырмады.


Айта кету керек, балалардың Шымкент қаласына келіп кету жол шығынын кәсіпкер өз мойнына алған.


Ленгір балалар үйінің дефектолог- педагогы Гүлмира Өтебекова мұндай жол сапардың сирек болатынын айтты.


"Демеушілер көбінесе бізге, яғни, ауданға өздері келеді. Балалар әрине қалаға жол жүретінін естіп қуанды. Дайындалып жүрді. Айта кету керек, кейінгі кездері балалар үйіне қамқорлық көрсететін қайырымды жандар қатары сиреді. Неге екенін білмеймін",- дейді педагог-дефектолог. 

Қазығұрт балалар үйінің тәрбиеленушісі Гүлсезім Дембаева қасиетті рамазан айында Шымкент қаласына келіп, мерекелік дастарханның қонағы болғанына қуанышты екенін айтады.


"Маған бүгінгі концерттік бағдарлама мен аниматорлар қатты ұнады. Достарыммен бірге осындай іс шараға келгеніміз үшін қуаныштымын"-дейді Гүлсезім. 

Рамазан айында мүмкіндігі шектеулі балаларға мереке сыйлаған шымкенттік кәсіпкер аты жөнін жария еткісі келген жоқ.






Көрілген: 417    Пікірлер: 0

сенбі, 18.05.2019, 16:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31