Синоптиктер 4 өңірде ескерту жариялады

15 қазан 2021, 23:05

«Қазгидромет» РМК 16 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстікте, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман болады.

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады.

Сондай-ақ 16-17 қазанда Алматы облысында Алакөл көлдерінің аумағында 23-28 м/с екпінмен жел соғады, күші 30 м/с және одан жоғары көтеріледі.