Ел жаңалықтары

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын "жерлеуге" ақша сұраған

  • Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын

    Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын "жерлеуге" ақша сұраған

Солтүстік Қазақстан облысында тірі туыстарын "жерлеу" үшін тұрғындардан ақша алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шал ақын ауданының полицейлері тонау қылмысын ашу кезінде екі алаяқтық фактісін анықтады.

15 ақпанда Сергеевканың 29 жастағы тұрғыны дүкен тонады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды. Ер адам бұған дейін істі болған.  

"Тергеу барысында күдіктінің былтыр желтоқсанда жергілікті тұрғындардың бірінен апасын "жерлеуге" 50 мың теңге алғаны анықталды. Алайда оның  ешқашан апасы болмаған", - делінген хабарламада.

Қаңтар айында күдікті аудандағы шаруа қожалығына қара жұмысшы болып кіреді. Екі апта жұмыс істегеннен кейін бастығынан материалдық көмек сұрайды. Бұл жолы ақша анасын "жерлеуге" қажет болған.

Әйелдің тірі және аман-сау екенінен хабарсыз кәсіпкер қарамағындағы қызметкеріне 62 мың теңге берген. Осыдан кейін ер адам жұмысқа шықпаған.

Екі факті де Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілді.




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 18:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30