Ел жаңалықтары

Солтүстік Қазақстанда жаңа туған нәресте пневмонияға шалдыққан

  • Солтүстік Қазақстанда жаңа туған нәресте пневмонияға шалдыққан

    Солтүстік Қазақстанда жаңа туған нәресте пневмонияға шалдыққан

Қызыл аймақтағы Солтүстік Қазақстанда жаңа туған нәресте пневмонияға шалдыққан, жағдайы ауыр. Мамандардың айтуынша, аймақтағы эпидахуал күрделі. Күніне жүздеген адам коронавирус жұқтыруда. Олардың тең жартысы төсек тартып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер ауыр халде ауруханаға жеткізілетіндердің саны көбейгенін айтады. Қазір емдеу орталықтары 40 пайызға толған. Олардың арасында пневмонияға шалдыққан нәресте жансақтау бөлімінде жатыр. 

 
"Біздің облыста жаңа туған нәрестенің ПТР тесті оң болып, пневмонияға шалдыққаны анықталды. Бала ауыр мен өте ауыр халдің ортасында тұр. Аман алып қалу үшін дәрігерлер бар күшін салып жатыр", - деді СҚО Денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Айманов.

Дәрігерлер балалар мен әйелдердің иммунитетін нығайту үшін осы санаттағы 1 500-нан астам адамға "Pfizer" вацинасын салған. Осыған байланысты ауру көрсеткішінің төмендей бастағаны байқалған. 

"Соңғы екі аптаның ішінде коронавирус жұқтырудың 1 919 фактісі тіркелді. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 5 пайызға төмен. Соңғы 7 күн ішінде ауру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 170 болып оытр", - деп мәлімдеді СҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев. 




Көрілген: 481    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 09:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31