Ел жаңалықтары

Суицид жасаған келіншектің ата-енесі енді баласының өміріне алаңдайды (видео)

  • Суицид жасаған келіншектің ата-енесі енді баласының өміріне алаңдайды (видео)

    Суицид жасаған келіншектің ата-енесі енді баласының өміріне алаңдайды (видео)

Үш баласымен терезеден секіріп мерт болған Бақтыгүл Қыдырбаеваның қайын атасы Бауыржан Оразов келіні мен немерелерінің өліміне әлі сене алар емес. Олар енді баласының өмірі үшін алаңдап отыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Бақтыгүл Қыдырбаеваның ата-енесі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Үлгілі ауылында тұрады. Марқұм келіншектің күйеуі — Нұрсұлтан үйдің тұңғышы екен. Келіні мен немерелерінен бір-ақ күнде айырылып қалған отбасы мүшелері енді баламыздан да айырылып қаламыз ба деп алаңдайды. Өйткені Нұрсұлтан ата-анасына өзінің өмір сүргісі келмейтінін айтыпты.
Баламның өзі түсінбей жатыр. Жылап-еңіреп "Папа мен төртеуінен айырылдым, қайтіп күн көремін, жерлеймін де өлемін"- дейді маған
— деді Бауыржан Оразов.

Ал, ұлдың анасы Нұржамал Оразова марқұм келіндерінің тек жақсы жағын ғана еске алады. Оның айтуынша, ұлы мен қызы бір-бірін қатты жақсы көрген.

Марқұмдардың мәйіттері Шымкентке бүгін жеткізіледі. Ал ертең жаназасы Қазығұрт ауданынан шығарылады. 




Көрілген: 4793    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 16:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 01:51
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31