Ел жаңалықтары

Сыныптасын соққыға жыққан қыздардың видеосы желіде тарады

  • Сыныптасын соққыға жыққан қыздардың видеосы желіде тарады

    Сыныптасын соққыға жыққан қыздардың видеосы желіде тарады

Қазіргі кезде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме жүргізуде

Ақтөбе облысында сыныптасын соққыға жыққан оқушы қыздардың видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видеода екі қыздың ұстасып тұрғанын көруге болады. Одан кейін монтаждалған нұсқасы жалғасады. Ол жерде бір қыз екіншісін шашынан сүйреп, ұрып жүр. Ал екінші видеода капюшон киген тағы бір қыз жерде жатқан қызды тізесімен басып отыр.

"Сонда қыздардың проблемасын ағаң шешіп бере ме? Ағасы қатты екен", – дейді сары капюшон киген қыз. Арғы жағында "түсіріп ал, түсіріп ал" деп жылаған адамның дауысы естіледі. 

Бұл оқиға Ақтөбе облысының Темір ауданына қарасты Шұбарши кентінде болған. Аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмағандардың өз сыныптасын ұрып-соғу фактісі бойынша тексеріс жүргізуде.

"Алдын ала мәліметтер бойынша 9-сыныптың үш оқушысы әдепсіз қарым-қатынасқа байланысты сыныптасын ұрып соққан. Сөйтіп, болған оқиғаның бәрін ұялы телефонның камерасына түсірген", – дейді полицейлер.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, қазіргі кезде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме өткізіп жатыр.

 

 




Көрілген: 378    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 11:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31