Ел жаңалықтары

Тамақтануға арналған орындар қай уақытқа дейін жұмыс істейді?

  • Тамақтануға арналған орындар қай уақытқа дейін жұмыс істейді?

    Тамақтануға арналған орындар қай уақытқа дейін жұмыс істейді?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомства өкілдері далада жұмыс істейтін нысандардың уақытын шектеуді жеңілдетуге келіскенін айтты.

"Министрлік әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу өлшемшарттарын қайта қарады, оның ішінде уақыт бойынша бірқатар шектеуді алып тастау, далада қызмет ететін тамақтану нысандары үшін жеңілдіктер, спорттық іс-шаралар өткізу, балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметі бар. Өлшемшартқа жаңа нысандар енгізілді: жазғы алаңдар, асханалар, стрит-фуд және басқа да қоғамдық тамақтану нысандары. Олардың қызмет ету тәртібі анықталды", - деді Цой Үкімет отырысында деп жазды nege.kz.

Оның айтуынша, "қызыл" аймақтағы тамақтануға арналған жазғы алаңдар 9.00-ден 20.00-ге дейін, "сары" аймақтағылар 07.00-ден түн ортасына дейін, "жасыл" аймақта 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бұл ретте мұндай барлық нысанда адам саны 50 пайыздан аспауы тиіс. Көше тағамдары мен ашық аттракциондардың қызметіне шектеу жоқ. 

Еске салайық, "қызыл" аймақтағы Ashyq бағдарламасына қосылған мекемелер "сары" аймақтың нормалары бойынша жұмыс істейді, ал "сарыдағы" мекемелер қосымшаның көмегімен "жасыл" аймақтың нормалары бойынша жұмыс істей алады.
#Алексей Цой #тамақтану алаңдары
Тағы да оқыңыздар:




Көрілген: 282    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 13:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Мамыр, 19:58
    39 С ° ыстық болады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31