Ел жаңалықтары

Тараз тұрғынынан 5 келіден астам есірткі тәркіленді

  • Тараз тұрғынынан 5 келіден астам есірткі тәркіленді

    Тараз тұрғынынан 5 келіден астам есірткі тәркіленді

"Қарасора-2021" жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының 48 жастағы жергілікті тұрғынын ұстап, оның тұрғылықты жерінен санкцияланған тінту барысында жалпы салмағы 5 келі 150 грамм  "кептірілген марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді. Тінту "Теа" атты қызметтік иттің қатысуымен жүргізілді. 

 "Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады, ол Тараз қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", - деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А.Жұмабеков.




Көрілген: 384    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.06.2021, 16:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31