Ел жаңалықтары

«Тегін құлмыз»: «Ақсай нан» зауытында жүргізушілер жаппай жұмыстан кетіп жатыр (ВИДЕО)

  • «Тегін құлмыз»: «Ақсай нан» зауытында жүргізушілер жаппай жұмыстан кетіп жатыр (ВИДЕО)

    «Тегін құлмыз»: «Ақсай нан» зауытында жүргізушілер жаппай жұмыстан кетіп жатыр (ВИДЕО)

Біз жүргізушіміз әрі экспедитормыз. Жүк тасушы да болып кете береміз, кассаны да өткіземіз. Бір қағазымыз дұрыс болмай қалса, бетімізге лақтырады", - дейді "Ақсай-нан" жүргізушісі Ақан Сәрібаев.

Алматы мен қалаға жақын елдімекендерде нан тапшылығы байқалды. Себебі қаладағы ең ірі "Ақсай нан" зауыты жүргізушілерінің көбі наразылық білдіріп жұмысқа шықпай қойған, деп хабарлайды Almaty.tv.


Енді дүкен иелері өздері келіп зауыттан нан тасып жатыр. Комбинат пісірген бөлкелерді көлікке тиеп сауда орындарына тарататын жүргізушілер осыған дейін мардымсыз еңбекақыға көңілдері толмайтынын, бір жүргізуші бес адамның жұмысын істейтінін айтқан болатын.


"Аузыңды ашсаң, жұмыстан шығарады. Бірдеңе сұрап барсаң, ұрсады. Айлық аз. Еңбегімізді ешқандай бағаламайды. Біздің сөзімізді сөйлетін адам қалмады бұл жерде. Былайша алғанда, тегін құлмыз ғой", - деді "Ақсай-нан" ЖШС жүргізушісі Руслан Ысқақов.


Біз жүргізушіміз әрі экспедитормыз. Жүк тасушы да болып кете береміз, кассаны да өткіземіз. Бір қағазымыз дұрыс болмай қалса, бетімізге лақтырады", - дейді "Ақсай-нан" жүргізушісі Ақан Сәрібаев.


"Тексеріп жатқан ешкім жоқ. Айтамыз, барамыз, шығамыз, ай сайын жиналамыз. Бірақ баяғы жартас сол жартас қалып қояды бәрібір", - деді "Ақсай-нан" жүргізушісі Қалыбай Жігер.


Бұл - осыдан екі күн бұрын шырылдаған жүргізушілердің жанайқайы. Айтуларынша, жұмыс көп, бір адам бес адамның жұмысын істейді. "Ақсай нан" зауытының басшылары талаптарын ескермеген соң бүгін бәрі бірауыздан жұмысқа шықпай қойған. Соның кесірінен Алматы және қалаға жақын орналасқан елдімекендерде нан тапшылығы бірден сезілді. Енді дүкен иелері зауытқа өздері келіп, көліктерін толтырып нан тасып жатыр.


"Жұрттың бәрі нан сұрап жатыр, апарып бермесек болмайды ғой. Амал жоқ, өзім бара жатырмын", - деді қызметкерлердің бірі.


"Қазір енді өзім келіп тұрмын. Дүкенде нан жоқ болған соң, өзіміз алып кетейін деп жатырмыз", - деді қала тұрғыны.


Жұмысшылар мен комбинат басшылары мәміліге келе алмаған соң, еңбек дауына аудан әкімшілігі басшыларының араласуына тура келді. Әзірге тараптардың қандай шешім қабылдағаны белгізіс. Бірақ билік өкілдері қалада нан тапшылығы болмайды деп сендірді.


"Қазіргі таңда жұмысшы тобы құрылған аудандық әкімшіліктен, аудандық прокуратура басқа да құзыретті мекемелерден өкілдерінен жұмысшы тобы құрылып қазіргі таңда бұл мәселені біз өз бақылауымызда ұстап отырмыз. Сонымен қатар, Алматы қаласы еңбек инспекциясы мен көші-қон басқармасы тарапынанда белгілі бір шаралар қолданылып жатыр", - деді Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Рахымбеков.


Белгілі болғаны, бүгін зауыттағы 202 жүргізушінің 25-і ғана жұмысқа шыққан. 56 жұмыскер өз еріктерімен жұмыстан кету туралы өтініш жазыпты. Орын алған еңбек дауына қатысты мекеме басшылығы былай дейді.


"Олардың нан жинақтаушының орнына жұмыс істей тұруларына тура келді. Күздің ауа-райы әсер етті ме, біразы ауырып қалса, жартысы жұмыстан шығып кетті. Олардың орнын толтырып үлгере алмадық. Жастар келеді, бірақ жұмыстың ауырлығына шыдамай, бір-екі күнде шығып кетеді. Осындай мәселелердің кесірінен жинақтаушы жетіспейтінін жасырмаймын", - деді "Ақсай-нан" компаниясы бас директорының орынбасары Раиса Циганок.


"Ақсай нан" зауытының Алматы мен қала маңындағы 4 мыңға жуық дүкенді нанмен қамтамасыз ететіні белгілі. Сондықтан бірақатар сауда нүктелеріне ірі мекемедегі еңбек дауы шешімін таппағанша нанды басқа наубайханалардан сатып алуға тура келеді.  




Көрілген: 824    Пікірлер: 0

сенбі, 26.10.2019, 14:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30