Ел жаңалықтары

Цой: Қазақстанда 26 мың балаға Pfizer вакцинасы салынды

  • Цой: Қазақстанда 26 мың балаға Pfizer вакцинасы салынды

    Цой: Қазақстанда 26 мың балаға Pfizer вакцинасы салынды

Қазақстанда батыс компаниялары әзірлеген коронавирусқа қарсы "Комирнати" (Pfizer) вакцинасының бірінші дозасы 35 мың адамға салынды. 26,3 мыңы – бала, 8,6 мыңы – жүкті немесе бала емізіп жүрген әйел. Бұл жөнінде 23 қараша күні үкімет отырыс кезінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп хабарлады.

Қазақстанда тіркелген алтыншы екпе – Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Алматыға 10 қарашада жеткізілген болатын. 12 қарашадан бері салына бастады.

Алексей Цойдың айтуынша, қазір Қазақстанға Pfizer-дің 645 мың дозасы жеткізілген. Жалпы 4 млн дозаға тапсырыс берілген.

Елде коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны ақпан айында басталған. 9 ай ішінде 7,9 млн адам (халықтың 42,2 пайызы) вакцинаның толық дозасын алған.

Қазір 18 бен 65 жас аралығындағы адамдарға Ресейдің "Спутник V" (қазір оны Қарағандыда өндіреді), Қазақстанның QazVac, Қытайдың Sinopharm компаниясының БАӘ-де өндірілген Hayat-Vax пен Қытайда өндірілген Vero Cell екпесі, сонымен бірге тағы бір Қытайдың Sinovac компаниясының CoronaVac екпесі салынып жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда коронавируспен ауырғандар кейінгі бір айда 2,4 пайызға азайған. Елде жазда індет өршіген шақта күніне 6-7 мың науқас тіркелсе, 20 қазанда – 1,8 мың, 22 қарашада 769 науқас анықталған. Қазір 29 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. Ауруханадағы орындардың 30 пайызы, реанимациядағы орындардың 25 пайызы бос емес.




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 20:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31