Ел жаңалықтары

Түркияда генерал мінген әскери тікұшақ құлады

  • Түркияда генерал мінген әскери тікұшақ құлады

    Түркияда генерал мінген әскери тікұшақ құлады

Министр Хулуси Акардың айтуынша, апатқа техникалық ақау мен ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін
Sputnik. Түркияның шығысында әскери тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости республиканың қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Тікұшақ Бингельден Татванға Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:55-те ұшты, ал 17:25-те тікұшақпен байланыс үзілді. Оны іздеуге ұшқышсыз ұшатын аппарат, CN-235 ұшағы және тікұшақ жіберілді.

"Тоғыз азаматтың қайтыс болғаны, тағы 4 адамның жарақат алғаны анықталды", – делінген ведомство хабарламасында.
Кейінірек тікұшақ апатқа ұшырауы салдарынан қайтыс болғандар саны 11 адамға жеткені белгілі болды.

Қайтыс болғандардың бірі – Түркия құрлық әскерлерінің сегізінші корпусының қолбасшысы, генерал Осман Эрбаш.

Апат себебі анықталып жатыр
Қорғаныс министрі Хулуси Акар президент Тайып Ердоғанға оқиға туралы баяндап, тікұшақтың апатқа ұшырауына байланысты тергеу басталғанын жеткізді. Сондай-ақ ведомствоның хабарлауынша, апатқа техникалық ақау мен ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. 

https://t.me/rian_ru
 https://t.me/rian_ru

"Алдын ала мәліметтер мен куәгерлердің айтуынша, тікұшақ апаты ауа райының кенеттен нашарлауына байланысты болған", – деді министр.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесіп, тікұшақ апатына байланысты көңіл айтты.
 
 




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 10:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30