Түркістан облысында кәсіпкер табиғи газды заңсыз пайдаланып келген

Түркістан облысында кәсіпкер табиғи газды заңсыз пайдаланып келген

Түркістан облысында кәсіпкер табиғи газды заңсыз пайдаланып келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

 
Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылында орналасқан жылыжай шаруашылығы көгілдір отынға заңсыз қосылған. Ол арнайы тексеру кезінде анықталды. Газ мамандарының мәліметінше, елдімекенге келетін газдың қысымы белгілі бір жерге келгенде күрт төмендеп кететіні байқалған.   

«Бірлескен тексеру нәтижелері бойынша «Сарыағаш» ГТС-тің жұмыс істеп тұрған жоғары қысымды 108 мм газ құбырына өз бетінше қосылу фактісі, сондай-ақ объектіде қолдан жасалған 4 қыздырғыш пештің жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Қосылу нүктесіндегі газ құбырының диаметрі 57 мм, қосылу нүктесіндегі газ қысымы жоғары. Қазіргі уақытта барлық жағдайлар анықталуда, сондай-ақ газбен ажырату үшін құбыр үстіне құйылған бетон плитасын бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде, тексеру аяқталғаннан кейін осы факт бойынша толық ақпарат берілетін болады», - делінген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қоғаммен байланыс және ИМЖ департаменті таратқан ақпаратта.        
Жылыжайдағылардың табиғи газды нақты қай уақыттан бері заңсыз қосып келгені әзірге айтылмады. Белгілісі, аталған мекен-жай бойынша шаруашылық 2017 жылға дейін ғана тұтынушы ретінде тіркелген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста