Ел жаңалықтары

Түркістан облысының бас полицейі Қайрат Дәлбеков "Даңқ" орденімен марапатталды

  • Түркістан облысының бас полицейі Қайрат Дәлбеков

    Түркістан облысының бас полицейі Қайрат Дәлбеков "Даңқ" орденімен марапатталды

Бүгін Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында Ішкі істер органдарының қызметкерлері, құқық қорғау қызметі мен күштік құрылымдарының өкілдеріне арнайы әскери атақтар мен мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтті.

Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қарагөзова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 Марапатталғандардың арасында Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков те бар. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҚР ІІМ полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың қолынан "Даңқ" орденін салтанатты түрде алды. Түркістан облысының бас полицейі полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков қауіпсіздікті, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі аса маңызды міндетті абыроймен орындай отырып, 2018 жылдың күзінен бастап киелі Түркістан өңірінде жаңадан құрылған Түркістан облысы ПД-ні басқарып келеді. Ол облыстағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қаншама сынға толы оқиғаларда да қиындыққа қарсы тұрып, өзінің жедел әрі оң шешім қабылдай алуының арқасында халық арасында да абырой-беделге ие болып келеді.

Мәселен небары бірнеше жылдың ішінде Түркістан облысының халқы мен облысы полиция департаментінің барлық жеке құрамы үшін түрлі сынақтарды бастан өткізді.

ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауда жүктеген тапсырмаларын тиянақты орындауда, қызметте кездескен сан түрлі ауыр қылмыстар, мал ұрлықтары, халықты тұзағына түсіріп, алдаған алаяқтардың ұсталуы, облыста қылмыстың азаюы мен аймағымыздың қауіпсіз болуына қатысты жұмыстарды күн тәртібінен түсірмей келеді. Соның аясында Түркістан өңірінде өткен жылы қылмыстық құқықбұзушылық 28%-ға, ал қылмыс саны 30,3%-ға азайды.

2019 жылы маусымда Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыс, 2020 жылы басталған пандемия, Өзбекстандағы су бөгетінің жарылуы және соның нәтижесінде Мақтаарал ауданындағы елді мекендердің су астында қалып, 6000-нан астам тұрғынның баспанасыз болуы, Түркістан қаласында ірі қонақүйде газ цистернасы жарылып, бүкіл ғимаратты шарпыған өрт, міне осындай төтенше жағдайлар мен жайттардың барлығында Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрамы санының аздығына қарамастан қызмет етіп, өздерін кәсіби жағынан көрсетті.

Өз кезегінде бұл ТО Полиция департаментін басқарып отырған басшының қызметкерлерге дұрыс жол көрсетіп, бағыт-бағдар беруінің нәтижесі деп білеміз. Одан бөлек департамент бастығының күнделікті жұмысы облыс тұрғындарына әлеуметтік желіде барынша белсенді болуы арқылы да анық байқалып отыр. Ол апта сайын тұрғындарды қабылдап, олардың мәселесіне мән беріп, шешілуіне көмек көрсетіп, алғысқа бөленуде. Жәрдем сұрап келген адамның барлығын, кері қайтарған емес. Желіде түрлі сауалдарын жолдаған азаматтарға барынша заң аясында жауап беріп, құқықтық сауаттылықтарын арттыруды да мақсат санап келеді. Сондықтан еліне деген шексіз құрметі бар, өз ісіне адал да жауапты басшыға марапатыңыз құтты болсын дейміз.

Айта кетейік, "Даңқ" орденімен ҚР iшкі істер және басқа органдар басшы құрамының адамдары басқарудағы табыстары, әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігі мен елдің қорғаныс қабылетін қамтамасыз еткені үшін, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны үшін, ұлттық қayiпcіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіп күзетін нығайтқаны үшін марапатталады.




Көрілген: 755    Пікірлер: 0

жұма, 07.05.2021, 11:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30