Ел жаңалықтары

«Ұлы Дала мәдениетінің рәміздері, жәдігерлері және ескерткіштері» атты конференция өтті

  • «Ұлы Дала мәдениетінің рәміздері, жәдігерлері және ескерткіштері» атты конференция өтті

    «Ұлы Дала мәдениетінің рәміздері, жәдігерлері және ескерткіштері» атты конференция өтті

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2 жылдығына орай Алматыда ғылыми конференция өтті. 2019 жылғы 10-сәуірде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2 жылдығына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ұлы Дала мәдениетінің рәміздері, жәдігерлері және ескерткіштері» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.




«Әл-Фараби ғылыми кітапханасының» конференц-залында ұйымдастырылған ауқымды шара саясаттану, мәдениеттану, дінтану, философия және әлеуметтану салаларын зерттейтін ғалымдар мен мамандардың тұрақты байланыстарын қалыптастыруға бағытталып, келесідей тақырыптарды қамтыды: «Қоғамдық сананы модернизациялау үдерісіндегі

рәміздік феномендер», «Заманауи қазақстандық қоғамдағы ақпараттықкоммуникативті технологиялар, бұқаралық мәдениет, діни құндылықтардың адам санасына ықпалы», «Жаһанданудың заманауи теориялары және олардың

этникалық, ұлттық мәдениеттерге ықпалы», «Дала мен Қала концепциясы», «Ұлы Дала өркениеттірінің үдерістер ілімі», «Қазақстандағы мәдени туризм. Ұлы Даланың мәдениеттер сұхбаты, ұлттық коды мен құндылықтары». Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей Украина, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Түркия және Эстония елдерінің ғалымдары қатысып, ойларын ортаға салды. Эстония елінен келген «Таллин технологиялық университетінің» профессоры, PhD доктор Пеетер Муурсепп, «Theories of Globalisation and Local Cultures» (Жаһандану теориясы және жергілікті мәдениет», Түркия елінен келген қонақтар қатарында PhD доктор, «Ақтеңіз университетінің» профессоры Шахин Филизмемлекет пен тұлғаны, қоғамды дамытудағы мәселелерді шешу үшін қазақстандық және шетелдік ғалымдардың күш-жігерін біріктіруге

бағытталған «Әл-Фараби – Х ғасырдағы Түркі Ренессанс көшбасшысы» және «Хаджеттепе университетінің» профессоры, PhD докторы Сейфы Иылдырым «әл-Фарабидің мәдениеттер сұхбатындағы рөлі» тақырыптарында баяндама жасады. Пленерлық отырыс ұлттық университеттің философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышеваның «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ тарихының

философиясы» және Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғ.Қ. Құрманғалиеваның «Диалог культур и ценности Великой степи в

контексте модернизации общественного сознания» атты баяндамаларымен жалғасын тапты. Іс-шара барысында «Мәдениеттану», «Қазақ мәдениеті тарихы» атты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде басылып шыққан жаңа оқулықтарының тұсауын кесу рәсімі жасалып, келген қонақтарға арнайы баспа өнімдері сыйға тартылған.


Шетелдендік және отандық ғалымдар, ғылыми институттардың ғылыми қызметкерлері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, докторанттары мен  магистранттары, БАҚ өкілдері, жалпы саны 200 адам қатысқан іргелі бас

қосуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі жайлы сұхбаттар жасалып, ой-түйіндемелер, пікір алмасулар болды. Өткенімізді тарих тұғырынан бағамдап, терең зерделеуге үндеп келген

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ой-пікірлерінің мән-маңызын көпшілікке таныстыру, тарихымызды, мәдениетімізді насихаттауда аталмыш шараның маңызы зор.




Көрілген: 492    Пікірлер: 0

сенбі, 13.04.2019, 13:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30