Ел жаңалықтары

"Үш жігіт емес, 40 жігіт зорладық": 14 жастағы қызды зорлады деп айыпталған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтты

  • "Үш жігіт емес, 40 жігіт зорладық": 14 жастағы қызды зорлады деп айыпталған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтты

Қызғалдақ Талғатқызы 14 жасында  зорланғанын айтып көпшіліктен көмек сұрады. Тікелей эфирде хабарласқан күдіктінің бірі қызды төрт ауылдың жігіттері зорлағанын айтты. 

Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарламасында айтылды.

 

Бұған дейін жас қыз кәмілетке толмай тұрған шағында зордықтың құрбаны болғанын айтып, ел алдына шықты. Айтуынша, үш жігіт өзін 14 жасында көрші ауылға апарып зорлаған. Содан жүкті болған қыз бүгінде ана атанып отыр. Іс сотқа жетпей тоқтап қалған. Алайда жәбірленуші жігіттердің жазасыз қалғанынана наразы.

Эфирге хабарласқан көрерменнің бірі Қызғалдақтың өзін айыптады. Іс екі жақтың келісімімен аяқталғанын айтты. 

"Мен Нарынқолдың тұрғынымын. Атым Мәриям. Бұл қызды танимын. Қызғалдақ қалай сонша уақыт өткенде ел алдына ұялма шығып отыр. Үш баланың обалына қалды. Балалар істі болды. Бізге жер алып беріңдер, үй алып беріңдер деп өздері талап етті. Енді бәрін алған соң қайта бастап отыр? Неге ұялмайды. Ол бала күнінен-ақ жеңілтек ырбақай қыз. Жігіттермен өзі кездесіп, өзі кездесуге барған", - деді Мәриям ханым. 

Ханымның сөзін телефон арқылы келіні де қостады. Алайда эфир қонақтары Қызғалдақты қолдайды. 

Эфирге хабарласқан Дидар есімді азамат сол күнгі зорлықтың қалай болғанын айтты. 

"Ол күні Қызғалдақты үш жігіт емес, 40 жігіт зорлады. Төрт ауылдың жігіттері зорлады. Оны Қзғалдақ білмеуі де мүмкін", - деді ол.

Алайда Қызғалдақ мұнымен келіспей, қарсылығын айтты. 

"Сен басқа бағдарламаға барып, ешнәрсе дәлелдей алмағансың. Енді бұл жерде де ешнәрсе дәлелдей алмайсың деді. Кеше ғана сөйлескенде, әйеліммен ажырасамын, екеуміз үйленейік деген еді", - деді бойжеткен баланың әкесі жайында. 

 
 

 




Көрілген: 481    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.05.2020, 09:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30