Ел жаңалықтары

«Ұятты да, вирусты да ұмытып кеткен адамдар-ай!»: ақша үшін жанын аямаған жұрт көшеге шықты

  • «Ұятты да, вирусты да ұмытып кеткен адамдар-ай!»: ақша үшін жанын аямаған жұрт көшеге шықты

    «Ұятты да, вирусты да ұмытып кеткен адамдар-ай!»: ақша үшін жанын аямаған жұрт көшеге шықты

«Жанталасып алған 42500 теңге түскен кезде, сол ақшаны жарататын адам аман болуы керек қой», - дейді Ирина Советжанқызы.

Журналист Ирина Советжанқызы facebook парақшасына әлдебір мекеменің кіреберісінде ішке қарай ентелеп, иінтірескен халықтың видеосын жариялады. Әлгі 42500 теңге үшін қазіргі қауіпсіздік шарасын ұмытқан қара нөпірдің жартысы маска тақпаса, жартысы онысын иегіне сырғыта салып, айқайға басып жүр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«42500 теңге жанымыздан артық болып кетті. Карантин басқа елдердегідей 10-15 мыңдап адам шығыны болмас үшін жасалған еді. Құдалық жасама деп жүргенде, мынадай адам нөпіріне тап келдік.

Вирус жұқтырғандардың саны көбейсе, емдейтін дәрігер, жататын аурухана да жетпей қалатынын неге түсінбей жатырмыз? Жанталасып алған 42500 теңге түскен кезде, сол ақшаны жарататын адам аман болуы керек қой.

Ал мына кезекте бір covid анықталған адам жүрсе, ақыры не болады? Бұл вирус мутацияға ұшырап, белгісі білінбей келіп жатыр. Диагноз қойылған адамдардан сұраңыздар, көбінде белгісі жоқ. Абай болыңыздар, үйден шықпаңыздаршы!» - дейді жазба авторы.

Осы орайда, кеңсеге күзетшіні таптап өтіп кіргелі тұрған, «тиын-тебен үшін өлуге дайын» ағайынды оқырмандар да жақтырмауда.

«Ұят-ай. Ұятты да, вирусты да ұмытып кеткен адамдар-ай! Басқа сөз жоқ!», «Дәл осылай сол ақшаны алмай-ақ қойдым», «Өліп кетер ме екен сонша? Тура «Обитель зладағы» зомбилар секілді болып кетті ғой бұлар», «Масқара», «Сол 42500-ді бекер шығарды. Шығарса да карантиннен соң беру керек еді» десті олар.

 

 




Көрілген: 1172    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.04.2020, 08:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31