Ел жаңалықтары

Ведомствоаралық комиссия Тоқаевтың тапсырмаларын ерекше бақылауға алды

  • Ведомствоаралық комиссия Тоқаевтың тапсырмаларын ерекше бақылауға алды

    Ведомствоаралық комиссия Тоқаевтың тапсырмаларын ерекше бақылауға алды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысының карантин шараларын екі аптаға ұзарту жөніндегі тапсырмасы, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ карантин режимін бұзу фактілері жан-жақты қаралды. Бұл жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы, Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Карантин режимінің ұзартылуына байланысты өңірлер әкімдіктеріне бизнес субъектілерімен карантин шаралары аяқталғаннан кейін олардың қызметін қалпына келтіру бойынша алдын ала жұмыс жүргізу тапсырылды.

Денсаулық сақтау министрлігіне ағымдағы жылдың 5 тамызына дейін енгізілетін нысандар бойынша санитарлық талаптарды бекіту және жариялау тапсырылды.

Қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында Ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жергілікті жерлерде санитарлық талаптарды сақтау үшін жауапкершілік аймағын бекітті.

Бизнес субъектілерін қайта жаңғырту бойынша зерттеу актілерін өңірлер, қалалар, аудандар әкімдіктерінің басшылары, аумақтық санитарлық қызметтер, жұртшылық өкілдері және «Атамекен» ҰКП жеке қабылдайтын болады.

Сонымен қатар, пневмониядан өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі тіркелген Павлодар облысы әкімдігінің, сондай-ақ COVID-19-бен ауырудың өсуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметі тыңдалды.

Ішкі істер министрлігі елімізде 11 мың рейдті жүргізу нәтижесі туралы баяндады, оның қорытындысы бойынша 4 600 санитарлық тәртіп бұзушылық анықталды. Вице-премьер  Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының әкімдіктеріне осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Кеңес қорытындысы бойынша Е.Тоғжанов бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

 




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 22:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30