Ел жаңалықтары

Вирустан алғашқы өлім тіркелген Қосшы ауылында бір отбасы инфекция жұқтырды

  • Вирустан алғашқы өлім тіркелген Қосшы ауылында бір отбасы инфекция жұқтырды

    Вирустан алғашқы өлім тіркелген Қосшы ауылында бір отбасы инфекция жұқтырды

Коронавирустан алғашқы өлім тіркелген Нұр-Сұлтан маңындағы Қосшы ауылында 4 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ақмола облысының бас дәрігері Сүлен Ілиясов брифинг барысында 28 наурыздағы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Қосшы ауылында коронавирус жұқтырудың 4 оқиғасы тіркелгенін атап өтті.

Олардың арасында 64 жастағы әйел адамның вирустан көз жұмғаны белгілі.

Ауруды жұқтырғандар арасында үш адамнан тұратын отбасы бар: 1949 және 1954 жылғы ерлі-зайыптылар, сондай-ақ олардың 1990 жылғы ұлдары.

Олардың инфекцияны Нұр-Сұлтанда тұратын туысынан жұқтырғаны белгілі болды. Аталған отбасы мүшелері елордада тіркелген. Олар Ақмола облыстық туберкулезға қарсы диспансердің жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Жағдайлары тұрақты.

Аталған отбасымен байланыста болғандардан сынамалар алынуда.

Айта кетейік, жалпы, соңғы екі күнде елордада инфекция жұқтырудың 47 жаңа оқиғасы тіркеліп отыр.

 
 

Сондай-ақ елорданың денсаулық сақтау басқармасы онлайн-брифинг барысында бұған дейін коронавирусқа шалдыққан он науқастың бүгін стационардан шығарылатынын мәлім етті.

Ал Қазақстан бойынша жаңа вирусты жұқтырғандар саны 204 адамға жетті.

 

 




Көрілген: 596    Пікірлер: 0

сенбі, 28.03.2020, 14:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31