Ел жаңалықтары

Зейнетақы қорынан алуға болатын қаржы көлемі ұлғайды

  • Зейнетақы қорынан алуға болатын қаржы көлемі ұлғайды

    Зейнетақы қорынан алуға болатын қаржы көлемі ұлғайды

Ерікті зейнетақы жарналары өткен жылдың қорытындысы бойынша рекордтық 538,7 миллион теңгені құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 1,5 есе көп
Желтоқсанда инвестициялық табысты қоса алғанда, БЖЗҚ активтері 193 миллиард теңгеге өсті. Сондықтан да мерзімінен бұрын алуға болатын қаражат көлемі де ұлғайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-да жинақталған зейнетақы активтерінің көлемі желтоқсанда 193 миллиардқа, 12,913 триллион теңгеге дейін өскенін жария етті.

"Бұған дейін БЖЗҚ-да 2020 жылдың 1 желтоқсанында 12,72 триллион теңгенің 2,5 триллион теңгесін алуға болатыны айтылды. Ал оны қордың 761,4 мың салымшысының арасында бөлу көзделген. Зейнетақы активтерінің өсуіне байланысты "артық" қаражат көлемі ұлғайды, алайда қаншалықты көбейгені белгісіз", &ndash делінген ақпаратта.
Негізгі өсім міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналды. 2020 жылдың соңына қарай қазақстандықтар 122 миллиард теңге аударды. Өткен жылы міндетті зейнетақы жарналары 1,038 триллион теңгеден асты. Ерікті зейнетақы жарналары өткен жылдың қорытындысы бойынша рекордтық 538,7 миллион теңгені құрады, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 1,5 есе көп.

БЖЗҚ активтері өсімі бойынша екінші орында инвестициялық табыс тұр.

Желтоқсанда есептелген кіріс көлемі 90,3 миллиард теңгені құрады, ал 2020 жылдың қорытындысы бойынша &ndash 1,262 триллион теңге, оның ішінде 1,219 триллион теңгесі салымшылардың шоттарына қайта бөлінді. 2020 жылы БЖЗҚ төлемдері 193 миллиард теңгеден асты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8 пайызға аз.

Оқи отырыңыз: БЖЗҚ жыл басынан бері қазақстандықтарға қанша ақша төледі

Айта кетейік, бұған дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеруге болатын жаңа сервисті іске қосты.
 
 




Көрілген: 844    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 12:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31