Ел жаңалықтары

Зейнеткер үйде күтіп отырғаны 101 жастағы анасы үшін COVID-тен жазылып шықты

  • Зейнеткер үйде күтіп отырғаны 101 жастағы анасы үшін COVID-тен жазылып шықты

    Зейнеткер үйде күтіп отырғаны 101 жастағы анасы үшін COVID-тен жазылып шықты

Дене қызуы 40 градустан асқан және өкпесінің 70%-і  зақымданған Қостанайдың егде жастағы тұрғыны ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген. Ал науқастың үйінде 101 жастан асқан анасы қалады

Қостанай аудандық ауруханасында емделген 82 жастағы Римма Дорофеева "Наша газета" басылымының редакциясына хат жіберді. Онда зейнеткер дәрігерлерге өзінің шынайы ризашылығын білдірген.

Римма Дорофеева коронавирустық инфекциямен 10 шілдеден бастап ауырған. "Дәріханалардан қажетті дәрілерді таба алмағандықтан, үйде төсек тартып жата бердім. Бірақ, қатты қиналдым" дейді ол. Тек бір жарым аптадан кейін ол ауыр хәлде аурухана жеткізіледі.

"Түнде үйден жедел жәрдем алып кетті. Ол кезде дене қызуым 39,6 градусқа дейін көтеріліп кеткен еді. Ауруханаға жеткізілген кезде өкпемнің 70%-і қабынғанын білдім. Алайда, медициналық қызметкерлер маған ерекше көңіл бөліп, бірден қарқынды емдеу шараларын бастап кетті.  Маған ғана емес, басқа да сырқаттарға айрықша көңіл бөлді. Күнде таңертең дәрігерлер емделушілерге дем беріп, "Бәрі жақсы болады!" деген тілектерін айтып жүрді", - дейді ол.

Римма Дорофеева өзінің емдеуші дәрігері, бөлім меңгерушісі Артем Тисленконы "өте мейірімді әрі жанашыр дәрігер" ретінде бағалап, оған  айрықша ризашылығын білдірді.

"Бізге медбикелер, санитарлар айрықша күтіммен қарап, қолдан келгеннің бәрін жасады. Дер кезінде Мәскеуден оттегі концентраторларын алып, дәрігерлер де келді. Осындай бір құрылғы үш күн бойы менің тыныс алуымды жеңілдетті", - деп жазады зейнеткер өзінің хатында.

Қария өзінің ауруханадан емделіп шыққанына қуанышты. Себебі, оны үйде күтіп отырған 101 жастағы кейуана анасы бар.




Көрілген: 211    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 11:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30