Көші-қон және демография

Электронды еңбек биржасы арқылы жұмыспен қамтылғандар саны артты

  • Электронды еңбек биржасы арқылы жұмыспен қамтылғандар саны артты

    Электронды еңбек биржасы арқылы жұмыспен қамтылғандар саны артты

Халықтың әл-ауқатының жақсы болуы тұрақты жұмысының болуына тікелей байланысты. Осы орайда мемлекет тарапынан жұмыс іздеушіге ыңайлы электронды еңбек биржасын іске қосқан болатын. Елімізде жыл басынан бері электронды еңбек биржасы белсенді жұмыс істеп келе жатқандығы аян. Электронды еңбек биржасы арқылы мыңдаған адам екі қолына күрек алып, тұрақты жұмысқа орналасты. Жақында Орталық коммуникациялар қызметінде жарты жылда атқарылған істер сараланып, жұмыс нәтижесі жайлы баспасөз мәслихаты өтті. Жиында белгілі болғандай, бүгінде жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші де электронды еңбек биржасын кеңінен қолдана бастаған. 

Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс берушілер мен жұмыссыздардың Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен байланысы және жұмыспен қамтудың жеке агенттіктері арасындағы қарым-қатынас бекітілген. Бұл өз кезегінде, халыққа бос орындар мен резюме жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін арттырады. Сондай-ақ, жұмыс іздеу мен кадр іріктеу рәсімін жеңілдетеді.
Жарты жыл бұрын енгізілген жаңа жүйе жұмысқа орналасуды әлдеқайда жеңілдетті. Электронды еңбек биржасы пилоттық негізде ең алдымен 4 қалада іске қосылған. Астана, Алматы, Павлодар және Шымкент тұрғындары заман талабына сай бағдарламаны пайдалануға мүмкіндік алды. Өткен 3 айда 22 мың азамат тіркеліп, өздері туралы ақпарат берген. Олардың 16 мыңы жұмыс орнын тауып үлгерді.
Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында алға қойған тапсырмаларын орындау мақсатында, азаматтардың жұмыс табуы мен жұмыс берушілердің білікті қызметкерлер іздеу үдерісін жеңілдету үшін электрондық еңбек биржасын құруға кірістік. Бұл дегеніңіз, жұмыспен қамту орталықтары (әрі қарай – ЖҚО), ізденушілер, кәсіпорындар, түрлі меншік сипатындағы ұйымдар, персонал таңдаумен айналысатын рекрутинг компаниялары сынды еңбек нарығындағы барлық мүдделі тараптардан жиналатын тегін әрі біртұтас ақпараттар базасы жасалады. Осы арқылы, аталған онлайн-платформаны дүниеге әкелудің арқасында, дәстүрлі еңбек қатынасы бос жұмыс орындары мен персоналды дербес таңдау бағытына ауысады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келтірген дәлелдерге сүйенсек, қазіргі таңда ЭЕБ порталында 35 мыңға жуық бос жұмыс орны, сондай-ақ. жұмыс берушілерден, жұмыспен қамту орталығынан, жеке агенттіктерден және жұмыс іздеушілерден 70 мыңға жуық түйіндеме орналастырылған. Электронды еңбек биржасының қызметіне 41 мың жұмыс беруші, 133 мың жұмыс іздеуші жүгінген. ЭЕБ арқылы 112 мың жұмыс іздеуші жұмысқа тартылыпты. 

2018 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Электронды еңбек биржасына жеке жұмыспен қамту агенттігі 5 398 бос жұмыс орындары орналастырылған. 

ЭЕБ порталындағы «кері байланыс тәртібі» бөлімінде әрбір азамат техникалық мәселелер бойынша тиісті мамандармен байланысып, өздеріне қажетті ақпараттарды ала алады.

Өткен жылдың бір айында порталға кірушілер саны 141,4 мыңнан асып жығылса, бір айда қарау саны 2,5 миллионға жетті.

Алдағы уақытта ЭЕБ даму жоспарында келесі міндеттердің іске асырылуы қарастырылуда:

• Жұмыс берушінің жеке кабинетінде болжамды бос жұмыс орындары және жұмысшыларды жұмыстан жоспарлы босату және Жұмыспен қамту орталығының онлайн режимде қабылдауы туралы ақпараттардың орналастырылуы;

• Заманауи үрдіс пен мобильді желіні пайдалануды саралай отырып, IOS пен Android операциялық жүйесіне арналған мобильді қосымшаны жетілдіру;

• Жұмысқа орналастыру бойынша аутсорсинг қызметі бөлігінде жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара әрекеттесу;

• Кітапшаларды, электронды еңбек шарттарын бірыңғай тіркеу жүйесін біріктіру.

Сондай-ақ, вице-министр Н. Әлтаев 2008 жылдан бері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі жыл сайын өткізіп келе жатқан «Парыз» сыйлықақысы жайында кеңірек тоқталды. Н. Әлтаевтың айтуынша, бұл тек айтулы марапат қана емес, сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы мен жоспарын ойдағыдай іске асыру үшін таптырмас мүмкіндік. Конкурсты жүргізу барысында 4,5 мыңға жуық шағын кәсіпорын, орта және ірі бизнес өкілдері қатысуға ниет білдірді.

– «Парыз» конкурсына қатысушылар мен лауреаттардың бастамасымен 150 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылды. Әлеуметтік жобаларға, демеушілікке және қайырымдылыққа 135,5 млрд теңге бөлінді. Кәсіпорындар тарапынан құрылысқа, қайта құруға, жаңғыртуға және су тазарту қондырғылары мен газ тазарту қондырғыларын күтіп ұстауға 63,7 млрд теңге бөлінді. Облыс пен қалаларды абаттандыру мен көгалдандыру бойынша кәсіпорындардың шығыны 36,3 млрд теңгені құрады. Сонымен бірге, конкурсқа қатысушылар мен лауреаттар 300 мыңға жуық түп тал отырғызды, – деді вице-министр.

Н. Әлтаевтың сөзінше, аталған бизнес секторы еліміздің қарқынды дамуында маңызды рөл атқарады: «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – бұл бос сөз ғана емес. Біз «гүлденген мемлекет құру», «азаматтардың әл-ауқатын жақсарту», «өмір сүру стандарттарының жоғары деңгейін енгізу» және т.б. айтпақшымыз. Бірақ, көбінесе, бұл жұмыс тек мемлекеттің артықшылығы ретінде қабылданады. Бұл өте жаңсақ пікір. Бүкіл ел бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана қол жеткізуге болады».


Алаш айнасы 


 




Көрілген: 4434    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.06.2018, 08:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31