Көші-қон және демография

Ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысушылар қатары көбейіп келеді

  • Ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысушылар қатары көбейіп келеді

    Ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысушылар қатары көбейіп келеді

 Елімізде Ерікті қоныс аудару бағдарламасы қарқынды жүзеге асып келеді. Осы мемлекеттік бағдарламаны жергілікті халықтың иглігі үшін пайдаға асырып отырған аймақтардың бірі – Маңғыстау өңірі. Мұнда былтыр 10-ға жуық отбасы өзге өңірлерге көшіп, өздерінің алға қойған мақсаттарына бір табан жақындаған. Ал биыл олардың қатары 6-7 есеге көбейді. Бағдарламаға қатысушылар тұрақты жұмысқа орналастырып, баспанамен қамтылып отыр. Қазір өңірде көпшілік Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Петропавл, Павлодар облыстарына көшуге ниетті.

Ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысушылардың бірі Ақбота Бағдаулетқызы бұған дейін Мұнайлы ауданында тұрған. Ол отбасымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып, тұрақты жұмысқа орналаса алмағандықтан ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысуды жөн көріпті. Ақбота ауданда өткен жәрмеңкеге барып, отбасымен ақылдаса келіп, көшіп барып, тұүрақтап қалуға Қостанай облысын қолайлы деп тауыпты. Жақында ол жергілікті мамандармен бірге Қостанай өңіріне барып, өздеріне берілетін барлық мүмкіндіктерді көзімен көріп, егжей-тегжейлі танысты.

Ақботаның айтуынша, Қостанай өңірі оларды жақсы қарсы алған. «Мемлекеттік бағдарламаның арқасында тұрмыстық жағдайымызды біршама түзеп алуға мүмкіндік туып тұрғанына қуаныштымын. Жалдамалы пәтерде тұрақты табыссыз жүргенше мемлекеттің халыққа жасап жатқан мүмкіндігін неге пайдаланбасқа деп шештік. Қостанай өңірі өзімнің көңіліме жақты, табиғаты да жақсы екен, адамдары да жылы қабақпен қарсы алып жатыр. Ең бастысы баспанамен қамтылдық, жұмысқа да орналастырамыз деп жатыр. Ендігі біздің мақсат, еңбек етіп, қоғамның дамуына үз үлесімізді қосу», дейді А.Бағдәулетқызы.

Ерікті қоныс аудару бағдарламасының басты мақсаты да сол, халықты тұрақты табыс көзі бар жұмысқа орналастыру, баспанамен қамтамасыз ету. Егер бағдарламаға қатысушылар арасында кәсіпкерлікке ден қойып, өз ісін ашам деушілер болса, олардың өз кәсібін дөңгелетуіне қолдау білдіріп, жеңілдіктер жасау да қарастырылған.

Мамандардың айтуынша, Маңғыстау өңірінде бұл мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көргендер жыл санап көбейіп келеді. Мәселен Маңғыстаудан басқа аймаққа былтыр он отбасы көшсе, биыл көрсеткіш жеті есеге көбейген. Сондықтан жергілікті мамандар халық көшуге ниет білдіріп жатқан Солтүстік өңірлерді аралап, мемлекет тарапынан жасалатын жәрдемдер мен мүмкіндіктерді өз көздерімен көріп, халыққа насихат жұмыстарын жүргізуде.

Айта кету керек, мемлекет тарапынан ерікті бағдарламаға қатысушыдарға 35 айлық көрсеткіш бойынша, яғни отбасының әр мүшесіне 84 мың теңге төлененеді. Көшіп келген уақыттан бастап бір жыл көлемінде олардың пәтерақысын төлеуді мемлекет өз мойнына алады. Балабақша, мектеп, аурухана мәселелерін де жергілкті билік өзі шешіп береді. Яғни, тұрмысын жақсартам, еңбек етем деген адамға бұл таптырмас мүмкіндік.

Айша Нұржанқызы




Көрілген: 4359    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.06.2018, 12:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30