Көші-қон және демография

Жұмыссыздық азаю үшін ауылда кәсіпкерлікті дамыту қажет

  • Жұмыссыздық азаю үшін ауылда кәсіпкерлікті дамыту қажет

    Жұмыссыздық азаю үшін ауылда кәсіпкерлікті дамыту қажет

 Алматы шағын және орта кәсіпті дамыту көрсеткіші жөнінен көш бастап тұр. Кәсіпкерлер конференциясында болашақта тың бастамаларды жүзеге асыру жайы талқыланды. Жиынға «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, мемлекеттік органдар және бизнес қауымдастықтың мүшелері, кәсіпкерлер қатысты.


Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қаласының әкімдігі заңды саудаға жағдай жасауды және ең шалғай аудандарды қоса алғанда бизнеске «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсетіп келеді. Тимур Құлыбаев Алматыны «кәсіпкерлер қаласы» мәртебесіне ие шаһар» деп атап өтті. «Алматы – еліміздегі бизнестің тал бесігі, мұнда оның дамуына қолайлы жағдай жасалған. Әкімдік кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударуда» деді Тимур Құлыбаев. Қала басшысы Бауыржан Байбек бизнесті дамытудың жауапкершілігі жоғары екеніне баса назар аударды. «Мемлекеттің бизнес, экономика және ел дамуына қатысты кез келген маңызды шешімі «Атамекен» ҰКП қолдауынсыз іске қосылмайды. Қызу талқылаулар мен пікірі-талас туып жатады, дегенмен ортақ шешімге келуге тырысамыз, өйткені бұл бизнестің қарқынды дамуына әсер етеді» деді. Алматыда кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау және қаланың жаңа шағын аудандарында сауда орындарын құру мақсатында көше саудасын реттеу бағытында жұмыс атқарылуда. «Атамекен» көшедегі сауда нүктелердің жалға алу мерзімін 1 жылдан 5 жылға дейін ұзартып, оларды аукцион арқылы жалға беруді ұсынып отыр. Осы мақсатта пилоттық аукцион да өткізілген. Алматының Панфилов көшесінде орналасқан 5 сауда нысаны қала бюджетіне жылына 70 млн теңге көлемінде кіріс әкеледі деп күтілуде.


Сонымен қатар Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылады. Онда бизнеске «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік компаниялардан рұқсат құжаттарды қоса алғанда барлық мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Бұған дейін мұндай орталықтар Ақтау, Қызылорда, Талдықорғанда тиімді жұмыс істеуде.


–Орталықтан бастап, әр ауданда да кәсіпкерлер үшін ыңғайлы сервис құру керек. Онда кеңес беру ғана емес, сондай-ақ монополист компаниялар ұсынатын қызмет түрлері мен жер учаскілерін бөлуге қатысты қызметтер қамтылмақ. Бұл кәсіпкер қалаға барып, жолға шығынданбай, қызмет түрлерін тұрғылықты жерден алуы үшін қажет, – деді Тимур Құлыбаев.


Конференцияда бизнес қатысты бірқатар мәселелер де талқыланды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай индустриялық аймақ инфрақұрылымы дамуына қосымша 6,2 млрд теңге бөлуге ықпалдасу қажеттілігін мәлімдеді. Аталған мәселе Үкімет деңгейінде көтерілмек.


«Келет» компаниясының вице-президенті Александр Папп кәсібін адал атқаратын отандық компаниялар өзге өңірлердің нарығына өнімдерін шығара алмай отырғандықтан, мемлекеттік сатып алулар мен демпинг жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныс айтты. Ұлттық палата бұл мәселені шешуге ұлттық компаниялардың үлгісіндегідей біліктілігі бойынша алдын ала іріктеу процедурасы ықпал етеді деп болжайды. «Атамекен» тиісті ұсыныстарды Үкіметке жолдаған.


–Ұлттық палата мемлекеттік сатып алулар тәжірибесіне үнемі талдау жүргізеді. Біздің ұсынысымыз – жобаны дайындау кезінде-ақ жергілікті өндірушіге қарай қалыптастыру керек. Демпинг, расында да, фирма әдейі бағаны төмендетіп, одан кейін жол ортада жобаны тоқтатқанда өзекті мәселеге айналып отыр. Не салық төлемейді, не арзан жұмыс күшін пайдаланады. «Атамекен» сатып алуларда кәсібін адал атқаратын кәсіпкерлердің ғана қатысуын қамтамасыз ету керек деген ұсынысын Үкіметке енгізді. Оған қоса, бүгінде импортты алмастыру мәселесіне басты назар аударылу керек. Мемлекет басшысының, Үкіметтің тиісті тапсырмалары бар. Мысалы, біз жыл сайын 250 млн доллар сүт сатып аламыз. Бұл қантқа да, құрылыс материалдарына да қатысты. Алматы осының бәрін жергілікті жерде өндіре алады, оған әлеуеті жетеді, – деді Тимур Құлыбаев.


Машина жасау комитетінің мүшесі Павел Беклемишев дамыту институттары арқылы қаржы тарта отырып таяу 5 жылға арнап машина жасау саласының бәсекелік қабілетін арттыру бағдарламасын дайындау керектегін айтты. «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, жұмыс тобы құрылған. Ұсыныстар таяу арада шешімін табады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға «Атамекен» тарапынан қолдау көрсету және оған жағдай жасау, ауылдағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды, әсіресе, қыз-келіншектерді тарту мәселелері де көтерілді.


–Алматы қаласы мен облысы үшін бұл мәселе маңызды, Мұнда шағын үлес өте көп және кооперация мәселесі аса маңызды. Бұл жұмыспен қамтуға ғана емес, сапалы өнім өндірісіне. Оның нарыққа кедергісіз шығуына, бағаның тым қымбаттатпай, көтерме-бөлшек сауда орталықтары арқылы делдалдарсыз жеткізілуіне мүмкіндік береді. Әрине, кәсіпкерлерге бұл бағытта ары қарай да қодау көрсетеміз, – деді Абылай Мырзахметов. Болашақта кәсіпкерлік ауылдық жерлерде де дамитын болса, жұмыссыздар қатары азаяды.


Майра БАҚЫТ




Көрілген: 3978    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.05.2018, 14:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30