Шығыс Қазақстанға жоғары білімді мамандар көшіп келе бастады

Шығыс Қазақстанға жоғары білімді мамандар көшіп келе бастады

Оңтүстік өңірлерден 15 отбасыға Шығыс Қазақстанға көшуге рұқсат берілді. ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы өкілдерінің айтуынша, жыл соңына дейін бұл аймаққа дипломдары бар, жоғары білімді мамандар көшіп келмек.
Қазақстан үкіметі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын 2013 жылы қабылдаған. Бұл бағдарламада «жұмыс күшіне тапшы» аймақтарға «жұмыс күші артық» облыстардан мамандарды шақыру жайы да айтылған. Әр облыс осы бағдарлама негізінде азаматтарды көшіру жоспарын жасауға кіріскен. Сондай өңірлердің бірі – Шығыс Қазақстан облысының 2014 жылдан бастап «жұмыс күші мол аймақтардан (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан) еңбекке жарамды азаматтарды» көшіріп алу әлі де жалғасын табады.

Елімізде демографиялық теңсіздікті болдырмау үшін бүгінде мемлекет тарапынан атқарылып жатқан істер аз емес. Десек те өңірлерде халықтың өсу динамикасы біркелкі болмай тұр. Оңтүстік өңірлерде халықтың көбею көрсеткіші жоғары болса, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында адам саны жыл санап кеміп барады. Сондықтан да соңғы төрт жылда Үкімет халықты Қазақстанның оңтүстік аймағынан солтүстігіне көшіру саясатын жүргізіп келеді. Сарапшылардың пікірінше, осы арқылы елдің аз қоныстанған аудандарында жұмыс тапшылығын азайтуға болады. Сондай-ақ жұмыс күші артық облыстарда екі қолына бір күрек таба алмай жүрген жастар қажетті мамандықтарды игеру үшін қысқа мерзімді оқытудан өтеді. Халық саны кеміп бара жатқан аудандарда мамандардың жетіспейтіні айтпаса да түсінікті. Осы орайда оңтүстіктен солтүстік өңірлерге көшуге өтініш берушілердің жоғары білімді, белгілі бір мамандық иелері болғанын арнайы құрылған комиссия мүшелері де құптайды.

Құрамына мемлекеттік органдандар мен "Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшелері кірген өңірлік комиссия еліміздегі жұмыс күші артық аймақтарынан Шығыс Қазақстан өңіріне қоныс аударғысы келетін азаматтардың құжаттарын қарады. Бұл туралы Устинка LIVE басылымы хабарлады.
Шығыс Қазақстанға көшуге Қызылорда, Алматы, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан 15 отбасының (25 адам) берген өтініші қанағаттандырылып, оларға қоныс аударуға рұқсат берілді. Олардың ішінде 3 отбасы Өскемен мен Зайсанға, екеуі – Шемонаиха ауданы мен Риддер қаласына, бір-бір отбасынан Абай, Ұлан аудандары мен Курчатов қаласына қоныстанатын болды.

Ең қуанарлығы, Шығыс Қазақстанға жоғары білімді мамандар көшіп бармақ. Осы өңірде мамандардың өте тапшы екені белгілі. Мысалы, Қызылорда облысының тұрғыны Дәулет Серікбай Зайсан қаласына көшуге ниет білдірген. Оның мамандығы – агроинженер. Қоныс аударуға ниетті адамдардың комиссия мақұлдаған өтініштері өңірлік квотаға қосылды. Бұл оларға тиісті мемлекеттік субсидия мүмкіндік береді.
ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, көші-қон бөлімінің жетекшісі Раушан Таймулдинаның айтуынша, ШҚО аудандары көшіп келушілерді қабылдауға дайын.
– Қазақстан үкіметі солтүстік пен шығыстағы «жұмыс күшіне тапшы» аймақтарға оңтүстіктегі «жұмыс күші артық» облыстардан мамандарды шақыру науқанын бірнеше жыл бұрын бастаған. Жұмыс күші артық аймақтардан Шығыс Қазақстанға осы уақытқа дейін барлығы 335 отбасы (791 адам) қоныс тепкен. Сондай-ақ комиссия Абай ауданы тұрғындарының қысқа мерзімді білім алуға берген өтінішітерін де қарады. Білім алуға барлығы 16 адам ниет білдірген. Олар үш ай бойы аспаз, наубайшы, дәнекерлеуші, машинист мамандықтары бойынша оқиды. Жалпы биыл барлығы 2522 адам қысқа мерзімді оқытудан өтеді, – дейді Раушан Таймулдина.

Көшіп келушілер өздері қоныс  тепкен аудан, ауылдарға пайдасын тигізіп, әрі өздері де мамандық бойынша жұмыстарын істеп, баспаналы болып, отбасыларын асыраса, мемлекет үшін де, өздері үшін де пайдалы. Әлеуметтік жағдайы тұрақты, жұмыспен қамтылған, баспанаға басы ауырмайтын жанұялар дені сау, білімді ұрпақ тәрбиелесе құба-құп. 

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста