Алматтың әзілдері
Құрбылар үйде альбом көріп отыр:
– Мына суреттің астында «Қара теңіз жағалауында» деп жазып қойыпсың.
– Е-е, өткенде Қапшағайға барғанда түскенбіз...
***
Бір қария қонақта астан ауыз тимей, ет жемей отырады. Үй иесі:
– Сіз неге астан ауыз тимей отырсыз?
– Тісімді ұмытып кетіппін...
***
Жазылмаған заңдылық:
«Екі адам күннің ыстығында екі литр суды әрең тауысады, есесіне, екі жәшік сыраны қиналмай сіміре алады.»
***
Әріптес жігіттер кездесіп қалады:
– Өй, құлағыңа не болған?
– Киім үтіктеп жатқанда телефон шырылдай қалып, оның орнына шатасып, үтікті құлағыма тақай қалғаным бар емес пе?
– Екінші құлағыңа не болды?
– «Жедел жәрдемге» телефон соғу керек болды емес пе?..