Алматтың әзілдері
Бір келіншек дәрігерге келеді:
– Көршіміздің иті тым тынымсыз. Түнімен үріп, маза бермейді. Содан күйеуімнің жүйкесі жұқарып, түні бойы ұйықтай алмай шығады.
– Жатарда ретін тауып мына дәріні берсеңіз болды.
Ертесі күні келіншек дәрігерге қайта келеді.
– Қалай, кешегі дәріден нәтиже шықты ма?
– Рақмет, сізге. Күйеуімнің ұйқысы тыныш болды. Бірақ таңнан бері әлі оята алмай жүрмін.
– Сіз дәріні күйеуіңізге бергеннен саумысыз?
– Енді кімге беруім керек еді?
– Итке беру керек еді ғой...
***
Өтіп бара жатқан бір кісі қайыршыға:
– Көшеде тұрып, қайыр сұрағанға ұялмайсың ба?
– Енді, үйде отыра берсең, ешкім өз аяғымен ақша әкеліп бермейді ғой...
***
Жол полициясы қызметкері:
– Осы жол ережесін бұзғандарыңды қашан қоясыңдар?
– Қайта, рақмет айтсаңызшы. Біз жол ережесін бұзбасақ, сіздер жұмыссыз қаласыздар ғой...