Алматтың әзілдері
Cот залында:
– Ханым, ажырасу туралы өтінішті берген сіз екенсіз. Сіз бұл қадамға қандай себептермен барып отырсыз?
– Өйткені күйеуім екеуміздің діни көзқарастарымыз қарама-қайшы. Мұндай жағдайда бірге тұру мүмкін емес.
– Нақтырақ айтсаңыз...
– Ол мені әйел-құдай ретінде мойындағысы келмейді.
***
Үш әйелдің әңгімесінен:
– Менің күйеуім бір өзі бір қойдың етін жеп қояды.
– Ал менің күйеуім бір қойды қозысымен қосып тауыса алады.
– Сендердікі түк емес екен. Менің күйеуім колхоз тараған жылы бір отар қойды тұтасымен жеп қойған...
***
Түннің бір уағында көлшік суға құлап, есін жартылай ғана жиған бір мас аспанға қараса самсаған жұлдыздарды көріпті. Төменге қараса да, қаптаған жұлдыздар екен. Сонда: – Мәссаған, ғарышқа ұшып кетіппін ғой. Тіске басар ештеңе жоқ, енді ненің күнін көрер екенмін,-деп уайымдапты.