Алматтың әзілдері
Бір кісі емхананың бас дәірігерінің қабылдауына келеді:
– Бір бүйрегімді сіздерге сатайын деп едім.
– Неге?
– Кредит жабуым керек...
Жас жігіт мейрамханаға кіріп, даяшыға:
– Маған бір шөлмек арақ пен екі стақан алып келіңіз.
– Сіз жалғыз емессіз бе әлде қасыңызға тағы біреу келе ме?
– Екінші стақан соғыстырғанға тұра берсін...
***
Емханада. Дәрігер науқасқа:
– Ұйқыңыз тыныш па?
– Шүкір, жаман емес.
– Қайда жұмыс істейсіз?
– Түнгі күзетте...
***
Бір тойдан қайтқан апамыз үйге келе сый-сияпат салынған дорбасын ашып:
– Масқара! Құдағида ұят жоқ екен-ау, ә...– деп ашулана кетеді.
Шалы:
– Не болды сонша бұрқылдап?
– Қарашы, мына бір қорап шоколад пен орамалды былтыр оған өзім берген едім. Өзіме қайта айналып келіпті...