Алматтың әзілдері
Екі жігіттің әңгімесінен:
– Көзің неге көгеріп тұр?
– Кеше біреу желкемнен ұрайын дегенде бұрылып қарай қалып едім...
***
Бір жігіт досына:
– Менің жүріп жүрген қызым тура ұялы телефон сияқты.
– Сонда қалай?
– Ақша салып тұрмасаң, сөйлемейді...
***
Жігіт досына мұң шағып тұр:
– Менің сүйген қызым бір неміспен көңіл қосып, маған қарамай кетті.
– Қалайша сен үндемей қалдың?
– Енді не деймін, мен немісше білмеймін ғой...
***
Жігіт қызға:
– Бүгін кешке киноға барайық.
– Мен диетадамын ғой.
– Киноға диетаның қатысы қанша?
– Маған попкорн жеуге болмайды...