Алматтың әзілдері
Оқу орнының ауласында тұрған бір топ студенттің қасына келіп, оқытушы:
– Қайсың темекі тартасыңдар?
– Ағай, біз темекі тартпаймыз.
– Шындарыңды айтыңдар, әйтпесе сабақта қиын болады.
Осы кезде студенттердің бірі:
– Ағай, мен тартамын.
Оқытушы:
– Темекі берші...
***
Бір жігіт ескі танысымен кездесіп қалады:
– Неге көңілсізсің?
Жұмыстан шығарып жіберді.
– Не үшін?
Соны өзім де білмеймін, мен бір ай жұмыста болғам жоқ қой...
***
Әріптестер әңгімелесіп отыр:
– Кез келген қиын жұмыстың жақсы жақтары бар.
– Қандай?
– Жалақы алу мен еңбек демалысына шығу...