Алматтың әзілдері
Зейнет жасынан асқан профессор-экономист жыл сайынғы емтиханда студенттерге бір ғана сұрақ қояды екен. Профессордың бұл әдетін байқап қалған жас ұстаздар:
– Сіз осы неге жыл сайын бір сұрақты қайталап қоя бересіз, қоя бересіз... Әрбірден соң студенттер сіздің биыл да дәл осы сұрақты қоятыныңызға сенімді болғандықтан емтиханға мүлде дайындалмай келетінін білесіз бе?
– Біріншіден, биылғы студенттер, былтыр да, оның арғы жылы да осы сұраққа жауап бере алмағандықтан оқудан қуылғанын біле бермейді. Екіншіден, естеріңде болса, біз экономикамен айналысамыз... Сондықтан ол сұрақтың жауабы әр жылы, әртүрлі болатыны бесенеден белгілі.
***
Кейінгі жылдары қолданысқа енген смарт-теледидардың тиімді жағымен қатар, тиімсіз тұстары да баршылық екен. Мәселен, егер сіз өзіңіздің сүйікті футбол командаңыздың ойынын тамашалай отырып, қайта-қайта айқайлай берсеңіз, смарт-теледидар ұятсыз фильмдер көрсететін арналарға автоматты түрде ауысып кете беретін көрінеді.
***
Бес жасар ұлын жетектеген әйел банкоматқа карточкасын салып:
– Қазір ақшамызды алып, дүкенге барамыз. Қыдырамыз, – дейді.
Бала ақырын ғана шешесіне сыбырлап:
– Мына қораптың ішінде әкем отыр ма?, – депті.