Алматтың әзілдері
Бір жігіт базарға келеді:
– Маған жақсы киімдер таңдап беріңізші.
– Сіз бойдақсыз ба әлде үйленгенсіз бе?
– Бойдақпын.
– Онда үтіктемей кие салатын киімдер алыңыз...
***
Әріптестердің әңгімесінен:
– Футболды не үшін жақсы көресің?
– Білмеймін, әйтеуір, өзіме ұнайды.
– Ал мен білемін. Себебі үйде саған әйелің айғайлайды, жұмыста бастығың ұрысады, дүкенде сатушы даусын көтереді. Футбол көрген рақат: керісінше, сен бәріне айғайлайсың.
***
Студент қыз құрбысына мұңын шағады:
– Ауылдағы әке-шешемнен қыстық киімдер алуға ақша сұрап хат жазып едім...
– Олар ақша бермей қойды ма?
– Одан да жаман болды ғой, шешем өзі келіп киім-кешек әперіп кетті.
***
Сот залында. Қорғаушы:
– Сот мырза, менің бір ескертетінім, айыпталушы – керең.
Сот:
– Айыпталушы, сіздің құлағыңыз, шынымен, естімей ме?
– Дәл солай, құрметті сот мырза.