Алматтың әзілдері
Аяғы ауыр келіншек темекі сатып алмақшы болып әлдебір темекі қорабын беруін өтінгенде, дүкенші:
– Біздің дүкен жасы 18-ге келмегендерге темекі сатпайды.
Сонда әлгі келіншек:
–18-і несі, менің жасым 25-те.
Дүкенші сұқ саусағын келіншектің ішіне меңзеп:
– Мен сізге ештеңе деген жоқпын. Менің айтпағым, бала алдымен туылсын, содан егер, шынымен, темекі шегіп, түтінге уланамын десе, бізге 18-ге толғаннан кейін келсін.
***
Ауыл іші. Түн ортасы. Біреу есік қағады:
– Сізге отын керек пе?
– Жоқ. Керек емес.
Таңертең үйдің иесі есік алдына шықса, біреулер қысқа деп дайындаған отынын ұрлап кетіпті.
***
Парламентте әлеуметтік маңызы бар мәселе бойынша талқылау жүріп жатқанда бір депутат:
– Бұл Конституциямызға қайшы… Қайталап айтамын, бұл мәселе Конституцияға қайшы келеді. Ертең сайлаушылар алдында жауап беретін боламыз.
Сонда жанындағы әріптесі:
– Апырай-а-а, жауап беру деген не сөзің?!