Алматтың әзілдері

29 қараша 2013, 12:04

Дәстүрлі діндер банктерді жек көреді. Өйткені олар адам тек Алланың ғана құлы болу керек деп санайды.
***
Құл иелену заманында қожайындары құлдарына жалаңаш жүрмейтіндей және аштан өліп қалмайтындай аз ғана ақша төлейтін. Қарап отырсақ, содан бергі 2000 жылдың ішінде жалақы тағайындау принципі мүлдем өзгермеген тәрізді...

***
Халықтың ең жақсы көретін баспа өнімі не?
 – Ақша.

***
Англияда туды. Бразилияда ер жетті. Қазақстанға келіп өлді. Ол не?
– Футбол.

***
– Жаным, сен түрік сериалдарын тым жиі көріп кеткен жоқсың ба?
– Алла, Алла, неге олай дейсің?

***
– Жаным, сен Ресейдің криминалды сериалдарын тым жиі көретін болғансың ба?
– Не? Мен бе?! Сен базарыңды фильтровать етсең қайтеді, а?!!