Алматтың әзілдері

30 қараша 2013, 11:50

Бір молда көлігімен келе жатып, қиылыста қызылға өтіп кетеді. Оны ысқырып, тоқтатып алған МАИ қызметкері:
– Кешіріңіз, молдеке, сіз күнәға баттыңыз, – деген екен.

***
Ресейде оқыған нигериялық еліне оралады. Сонда одан:
– Басқа-басқа, орыстың қысы есіңде қалған шығар, иә?
– Айналаң жап-жасыл болып тұрғандағы суыққа шыдауға болатындай, ал бірақ жер беті аққа оранған кезде болатын суыққа шыдау мүмкін емес.

***
Бір күні Олигарх алтын балық ұстап алады да:
– Не деген кішкене едің, мен одан да сені жібере салайын, – дейді.
Таңырқаған балық:
– Ал үш тілек ше?
Олигарх:
– Жарайды, сондай сүйкімді екенсің. Айта ғой тілектеріңді.