Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматтың әзілдері

24 желтоқсан 2013, 12:20

Атасы немересіне:
– Балам, мектептерің жақсы ма?
– Иә, ата, тамақтары дәмді...

***
Әріптестер әңгімесінен:
– Көңілсізсің ғой.
– Ақша жоқ.
– Айлық алғанда бір бөлігін қиын жерге тығып қой­майсың ба?!
– Олай істеп көргенмін, бірақ ерте тауып алып қоя бе­ре­­мін.

***
Сот залында:
– Айыпталушы, сіз өзіңіздің досыңызға оқ атқа­ны­ңызды мойындайсыз ба?
– Мен оны алғашында аю екен деп қалдым. Досым екенін өлгеннен кейін білдім.

***
Әжесі бес жасар немересіне айтады:
– Құлыным, қарашы, «бип-бип» келе жатыр.
– Әже, қойшы, қайдағыны айтпай. Бұл BMW
325 қой!