Ашықтық

Приднестровьедегі текетіреске нүкте қойыла ма?

Текетірес төркіні

Приднестровье (Приднестровьедегі Молдова Республикасы) Еуропаның оңтүстік-шығысында орналасқан. Молдова конституциясына сәйкес, Приднестровье аумағы Молдова Республикасының бір бөлігі саналады және автономды-территориялық дәрежесі бар. Алайда бұл өлке Молдова тарапынан бақыланбайды. Тәуелсіздігін БҰҰ-ға мүше елдердің ешқайсысы мойындаған жоқ.


Молдова мен Приднестровье арасындағы қақтығысқа тіл мәселесінің себеп болғаны белгілі. Алайда кейбір сарапшылар тартыстың тамыры тереңде екенін меңзейді: жергілікті билік пен ірі кәсіпорындардың басшылары сол кезде өз орындарын сақтап қалу үшін жанталасты. Өйткені Молдова өнеркәсібінің 40 пайызы осында шоғырланған. Сондықтан мүдделі топ қалыптасқан ахуалды жақсы пайдаланып, халықты билікке қарсы айдап салды. Кейбір белсенділердің елді Румынияға қосылуға шақырғаны да отқа май құя түсті. Бұл арада терістік көршінің рөлін де жоққа шығаруға болмайды. «КоммерсантЪ» басылымы Ресейдің «жанжал ошақтарын» қоздырып, сепаратистік көңіл күйді өршіту арқылы бұрынғы одақтас республикаларда өз ықпалын сақтағысы келгенін ашық жазды.


Өз бетінше өмір сүре бастағаннан бері Приднестровье Молдовадан тәуелсіз болуға бар күшін салды. Қазір ол – қаржы-банк жүйесі, валютасы (Приднестровье рублі) бар ел. Кишиневпен ортақ энергетикалық жүйеден шығып, Тираспольгазтранс кәсіпорнын құрды (кейінірек ол Газпромға сатылып кетті). Теміржол да жеке-дара бөлініп шықты.

Аймақтағы қауіпсіздікті Ресей, Молдова, Приднестровьенің бітімгер күштері, сондай-ақ Украина бақылаушылары қамтамасыз етеді.


Осы уақытқа дейін Приднестровье дәрежесіне қатысты ЕҚЫҰ, сондай-ақ Ресей мен Украинаның қатысуымен болған көп келіссөз ешқандай нәтиже берген жоқ. Молдова орыс әскерінің аймақтан кетуін талап етумен келеді. Алайда Мәскеу екі ел арасындағы жанжал оң шешімін тапқанша, өз әскерінің бұл жерден кетпейтінін мәлімдеді. Өйткені жергілікті халықтың бейбіт өмір сүруі осы әскердің арқасында-мыс. Ал, шындығында, 1999 жылы Ыстамбұлдағы ЕҚЫҰ саммитінде Ресей екі жылдың ішінде әскерін осы елден алып шығуға міндеттеме алған болатын.


bendery-karta-pmrb


Кишинев пен Тирасполь татуласпақ

ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Қанат Саудабаев Тираспольге барған сапарында Приднестровье мәселесін жергілікті халықтың мүддесіне сай шешу қажеттігін атап көрсетті. Келіссөз «5 + 2» форматында жалғасады. Ондағы жөнге салынатын тараптар – Молдова мен Приднестровье; бітімгерлер - Ресей, Украина және ЕҚЫҰ; бақылаушы – Еуроодақ пен АҚШ. Айта кету керек, бұл келіссөз 2006 жылдың ақпан айында тоқтап қалған еді. Биыл оған қатысушылар Астанаға шақырылды. Кездесу мамыр айының соңына жоспарланып отыр.


 




Көрілген: 3438    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2010, 15:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30