АВТОкеңес

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

  • ©Турар Казангапов

    ©Турар Казангапов

Ішкі істер министрлігі көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жазаның күшейтілгенін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асқар Тәженовтің айтуынша, бүгінде мас күйінде көлік тізгіндеп алғаш рет ұсталған азамат бірден 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Бұрын бұл жаза 3 жыл болған.

 

"Сонымен қатар әкімшілік жазаның жаңа түрі енгізіледі. Ол – арест. Оны міндетті түрде қолданады. Жүргізуші мас күйінде алғаш рет ұсталса да, 15 тәулікке қамалады. Жол апаты кезінде адамдардың денсаулығына зиян келмесе, бірақ матералдық шығын болған жағдайда әкімшілік аресттің мерзімі 20 тәулікке ұзартылады. Мас жүргізуші 7 жылға куәлігінен айырылады", – деді Тәженов онлайн брифингте.

 

Айта кетейік, бұрын осы санаттағы құқықбұзушылық үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 4 жыл болып, арест қолданылмаған.

 

Оның айтуынша, жүргізуші куәлігінен айырылған адам бір жылдың ішінде рөлге тағы отырса, 20 тәулікке қамалып, 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. Ал мас күйінде ұсталса, 5 жылға дейін бас бостандығынан шектеліп, оған қоса, жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылуы мүмкін. Сол сияқты жол апатына түскен жағдайда 8 жылға түрмеге қамалады. Оқиға салдарынан кісі өлімі тіркелсе, бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жылға дейін ұзарады.

 

"Сондай-ақ медициналық тексерістен бас тартқаны үшін жаза күшейтілген болатын. Ондай жүргізушілер бірден 8 жылға куәлігінен айырылады. Бұрын бұл мерзім 3 жыл болған. Сосын 15 тәулікке қамап тастайды. Бүгінде көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жаза күшейтілсе де, кейбір адамдар ондай әрекеттің қаншалықты қауіпті екенін түсінбей, рөлге мас күйінде отыруды қояр емес. Ондай адамдар жол апатына да жиі түседі. Осыған байланысты көлік жүргізушілерін жол жүру ережесін қатаң сақтауға, ал қоғамды көлікті мас күйінде жүргізу фактілері туралы бірден хабар беруге шақырамыз", – деп атап өтті басқарма басшысы.

 

Ресми мәліметке сәйкес, биыл бес айдың ішінде республика бойынша 8,5 мыңнан астам адам көлікті мас күйінде жүрігізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Бұдан бөлек, 1 мыңнан астам көлік жүргізушісі қылмыстық жаза арқалады. Мас күйінде болған жүргізушілердің қатысуымен 149 жол апаты тіркелді. 208 адам зардап шексе, 30 адам көз жұмды.

 

 

 




Көрілген: 1188    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 18:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30