Айбын

Астана – Қытайда да Астана

Елордамыз Астанамен бауырлас қалалар тізімінде Қытай елінің астанасы  Бейжің тұр. Халықаралық аренадағы Қазақ елінің абырой-беделін шетелдік ақпарат құралдары арқылы жиі көріп, біліп жатамыз.

Қазақ елiнiң астанасы бүкiл әлем жұртын өзiнiң сұлулығымен тамсандыртып, таңдай қақтыруда. Тектiлiкке жаны құштар халықтың елордасының атымен аталған нысандар әлемнiң бiрталай елiнде бой көтердi. Соның бiрi — Қытай астанасы Бейжiңде жуырда ғана ашылған «Астана» ұлттық мейрамханасы. Бұл шеттегi қаны бiр қазақ баласының мерекеге жасаған сыйы десе де болатындай. Елдiң қадiрiн шетте жүрiп шын сезiнген жандардың ең әуелi есiне ауылдың дәмi оралары хақ. Данышпан қазақ «дәм-тұзың таусыл­масын» дегендi бекерге айтпаса керек. Аталған мейрамхана тағамдары елден алыста жүрген ағайынның тұтыну қажетiн қанағаттандырумен қатар, қазақ ұлтының ашық мiнезiн, бай салт-дәстүрiн паш етуде.

3 миллион 112 мың 559 тұрғыны бар Үрiмжi қаласында жергiлiктi қазақтар да өзiндiк кәсiп көзiн тауып жүр. Олардың қызмет көрсету саласында өзге ұлттармен иық тiресе бәсекелес болғаны кiсi қуантар­лық жағдай. Базарда бағын сынаған­дардың қатарында екi жастың бақытты күндерiнен көркем естелiк қалдыратын фотосалон ашқандары да табылып жатады. Солардың iшiнде Жуң Шань көше­сiндегi Asem Astana фотосалоны бiрден көзге жылы ұшырайтыны анық. Бұл күнде «Тәңiр тау» суретке түсiру базасы және  ұлттық үлгiдегi киiм-кешектермен жабдық­талған орталық өлке жұртшылығы­ның көңiлiнен шығып отыр. Мұның өзi екi ел достығын нығайтуға үлкен мүмкiндiк сый­лады. Сұранысқа сай қызмет көрсетуi­нiң арқасында өзге ұлт өкiлдерiн де қызық­тырып, кәсiпкерлiк ауқымы кеңею үстiнде. «Әсем Астананы» миллиардтар арасын­дағы миллион қандастың мақтан тұтуының ар жағында атамекенге деген сағыныш жатса керек.

Қысқасы, алып Қытай елiнiң көршiсiн мойындауын қазаққа берiлген баға деп қабылдаған абзал. Ендеше, өсе бер, өркендей бер, ару Астана!




Көрілген: 2413    Пікірлер: 0

сенбі, 06.07.2013, 11:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Cпорттағы брендіміз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30